×

Енді Қазақстан ауылдарында жалға берілетін тұрғын үйлер салынады

Бектенов Үкімет аграрлық секторға белсенді түрде қолдау көрсетіп отырғанын айтты

Енді Қазақстан ауылдарында жалға берілетін тұрғын үйлер салынады
Фото: depositphotos.com

Қазақстан ауылдарында жалға берілетін тұрғын үй құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы Олжас Бектенов шаруалармен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олжас Бектенов Үкімет аграрлық секторға белсенді түрде қолдау көрсетіп отырғанын айтты.

"Президент қолдауының арқасында ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлініп келеді. Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі өзінің құндылығын ешқашан жоймайды. Біздің жағдайымызда жеңілдетілген қаржыландыру үшін 700 млрд теңге табу оңай емес, алайда біз мұны іске асырып жатырмыз және қолдаудың бұл түрін одан әрі арттыра береміз. Қазіргі қолданыстағы тетіктердің барлығы жалғасын табады. Нәтижесі де жоғары болып, біз бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығын құра аламыз деген сенім бар", - деді премьер-министр.

"Бәйтерек" ҰБХ басшылығының айтуынша, қазір Солтүстік Қазақстан облысының ауылдарында жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр. Болашақта бұл тәжірибені бүкіл еліміз бойынша тарату жоспарланып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қарағандыда 2 пайыздық ипотекаға өтінім қабылдау басталды
01.04.2025ж. 11:34

Қарағандыда 2 пайыздық ипотекаға өтінім қабылдау басталды

Брондау: 3 сәуір сағат 10-00-ден бастап 16 сәуір 23-00 аралығында
Бағдарламаға қатысу үшін негізгі талап бар
Өңірде осы жылы тағы 1483 отбасы тұрғын үйге қол жеткізеді деп жоспарлануда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →