×

"Наурыз" ипотекалық бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижесі шықты

"Отбасы банк" өкілдері іріктеуден өткеннен кейін салымшыларға не істеу керегін түсіндірді

"Наурыз" ипотекалық бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижесі шықты
Фото: ашық дереккөзден

"Наурыз" бағдарламасы бойынша 12 000 салымшы іріктеуден өтті. Бұл туралы "Отбасы банк" баспасөз қызметі Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Наурыз" бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижелері otbasybank.kz сайтында жарияланды.

Осы ретте "Отбасы банк" өкілдері іріктеуден өткеннен кейін салымшыларға не істеу керегін түсіндірді.

"10 сәуірден 16 мамырға дейін (қоса алғанда) сізді несиеге өтінім беруге шақырамыз. Өтінімді кез келген банк бөлімшесінде, кеңес беру орталықтарында немесе онлайн түрде бере аласыз.

Өтінім бергеннен кейінгі келесі қадам – тұрғын үй таңдау және рәсімдеу. Көңіліңізге қонымды пәтерді табуға және рәсімдеуге несие мақұлданған күннен бастап алты ай беріледі.

Жылжымайтын мүлікті Baspana Market платформасынан қарап, таңдайсыз", - делінген банк хабарламасында.

Сондай-ақ Отбасы банк өкілдері бір несие аясында жөндеуге арналған қосымша қаражат алуға да болатынын еске салды.

Одан бөлек банк тізімнен өзін таппаған салымшыларға кеңес берді.

"Бағдарлама әлі 6 жыл бойы жұмысын жалғастырады. Депозитті тұрақты түрде толықтырып отырсаңыз, тағы да қатысу мүмкіндігі болады", - дейді банк өкілдері.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2026 жылғы ипотека: шын тиімді бағдарламаны қалай таңдау керек?
23.01.2026ж. 18:15

2026 жылғы ипотека: шын тиімді бағдарламаны қалай таңдау керек?

Сарапшы тиімді ұсыныстар жайлы кеңес берді
Мұндай алаяқтық схемалар тұрғын үйді бөлу жүйесінің әділдігіне қауіп төндіреді
Банк қызметкерлері көптеген жылдар бұрын тізімге енгізілген кезекте тұрғандардан растауды күтуге мәжбүр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →