×

Алматы жастары ипотекалық бағдарламасына өткендердің тізімі шықты

Ипотекалық бағдарлама қорытындысы

Алматы жастары ипотекалық бағдарламасына өткендердің тізімі шықты
Фото: gov.kz

Алматы қаласы әкімдігінің Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы «Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бағдарламаға барлығы 6626 өтінім қабылданып, оның 3412-сіне оң шешім шыққан..

Өтінім бергендер және мақұлданғандар саны

Ең көп өтінім білім беру саласының қызметкерлерінен түскен – 2191 адам. Одан кейінгі орындарда:

  • денсаулық сақтау саласы – 1381 өтінім,
  • жұмыс істейтін жастар – 881,
  • ЖОО мен ғылыми ұйымдар – 635,
  • коммуналдық қызметтер – 428,
  • мәдениет – 360,
  • құқық қорғау органдары – 343,
  • әлеуметтік сала – 245,
  • спорт – 86,
  • журналистика – 76 адам.

3412 адам бағдарлама бойынша оң шешім алды. Салалар бойынша олар төмендегідей бөлінген:

  • білім беру – 994 адам,
  • денсаулық сақтау – 630,
  • жұмыс істейтін жастар – 759,
  • республикалық мемлекеттік ұйым қызметкерлері – 249,
  • құқық қорғау органдары – 167,
  • басқа салалар – 613.

Іріктеуден өткендердің қатарында «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасы бойынша 759 жалға алушы бар. Оларға «Отбасы банк» АҚ-ға жолдамалар беріліп қойған.

Бағдарлама қорытындысын мына сілтемеге өтіп, сайттың төменгі жағынан көруге болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2026 жылғы ипотека: шын тиімді бағдарламаны қалай таңдау керек?
23.01.2026ж. 18:15

2026 жылғы ипотека: шын тиімді бағдарламаны қалай таңдау керек?

Сарапшы тиімді ұсыныстар жайлы кеңес берді
Мұндай алаяқтық схемалар тұрғын үйді бөлу жүйесінің әділдігіне қауіп төндіреді
Банк қызметкерлері көптеген жылдар бұрын тізімге енгізілген кезекте тұрғандардан растауды күтуге мәжбүр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →