Тұрсын Алагөзов өзімен бірге 20 жыл бойы еңбек еткен әрі ұжымда ауыр жұмыс істейтін азаматтарға 100 баспана сыйлайтын айтты.
Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Алматыда тұратын 100 қызметкеріне пәтер сыйлады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Танымал продюсер Баян Алагөзованың күйеуі, кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов басшылық ететін компания өз қызметкерлеріне үлкен сый жасады. Компанияның 100 қызметкеріне Алматы қаласынан жаңа пәтердің кілттері табысталды.
Бұл туралы кәсіпкердің әйелі, танымал продюсер Баян Алагөзова мәлім етті.
Тұрсын, мен барлық оқырманыма, қазақтандықтарға сенімен өте қатты мақтанатынымды айтқым келеді. Сен – менің мақтанышымсың. Сен жарадың! Сенімен неге мақтанатынымды түсіндіріп берсең, - деді продюсер.
Тұрсын Алагөзов өзімен бірге 20 жыл бойы еңбек еткен әрі ұжымда ауыр жұмыс істейтін азаматтарға 100 баспана сыйлайтын айтты. Ол бұл идея 2024 жылы келгенін атап өтті.
Бұл адамдар менімен 20 жыл бойы еңбек еткен адамдар. Комиссия құрып, нағыз мұқтаж жандарды таңдадық. Олардың көпшілігінде бірде-бір пәтер жоқ, – деді ол.
Алагөзов баспанаға мұқтаж адамдардың басым бөлігі – қарапайым жұмысшылар екенін ерекше атап өтті.
Мысалы: еден жуатын кісілер; жүргізушілер; жүк тасымалына жауапты адамдар.
Ал басшылық қызметтегі қызметкерлердің үлесі 3-4 пайыздан аспайды деп отыр ол.