×

«Бір жаңалыққа бола мыңдаған адам баспанадан қағылды»: Смағұлов Ұлттық банктің кемшілігін атады

Дидар Смағұловтың сөзінше, Ұлттық банктің шешімі үлкен резонанс туғызған

«Бір жаңалыққа бола мыңдаған адам баспанадан қағылды»: Смағұлов Ұлттық банктің кемшілігін атады

Қазақстанда Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтеруі сынға ұшырап жатыр. Қоғамдық белсенді Дидар Смағұловтың айтуынша, осы шешімнің салдарынан мыңдаған азамат ипотекалық несие мақұлданып тұрғанына қарамастан баспана алу мүмкіндігінен айырылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Тұтынушыларды Ұлттық банктің бір әрекеттерінен келген зияннан кім қорғайды? Реттеушінің саясаты — Астананың ауа райы сияқты: тұрақтылық пен болжамдаудан ада. 10 қазанда аспаннан жай түскендей базалық мөлшерлеменің 18%-ға көтерілгені туралы жаңалық шықты. Ал банктерден кепілдеме хат алған мыңдаған азамат баспана алу мүмкіндігін жоғалтты. Екінші деңгейлі банктер бұл хаттарды жай ғана кері қайтарып алды», — деді Смағұлов.

Оның айтуынша, кепілдеме хат алу үшін адам барлық бөліп төлеу мен несиелерін жауып, скорингтен өтуі тиіс.

«Адамдар ақша іздеп, өзгенің ипотекасын жауып, ескі баспананы кепілдіктен шығару үшін шығындалады. Бұл – үлкен қаржылық салмақ пен күйзеліс. Бірақ банк шешімін жай ғана жоққа шығара алады, ал адамның бар еңбегі зая кетеді. Осындай жағдайда тұтынушылардың құқығын кім қорғайды?» – деді белсенді.

Бұл мәлімдемелерге жауап ретінде Ұлттық банктің төраға орынбасары Берік Шолпанқұлов базалық мөлшерлемені көтеру – мәжбүрлі шара екенін түсіндірді.

«Басты мақсат – инфляцияны тежеу. Қыркүйекте оның деңгейі 13%-ға жуық болды. Біз депозиттердің жинақтық тартымдылығын сақтау үшін мөлшерлемені көтердік. Егер олай етпесек, ақша құнын жоғалтып, теңгеге деген сенім әлсірейтін еді. Ұлттық банктің саясаты азаматтардың қаржысын қорғауға және қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған», – деді реттеуші өкілі.

Ұлттық банктің шешімі қоғамда кең талқы туғызған. Сарапшылар мен белсенділер мұндай шешімдердің салдарынан тұтынушыларды, әсіресе алғашқы баспанасын алуға дайындалып жүрген азаматтарды қорғау тетіктерін әзірлеуді талап етеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Отбасы банк басшысы Ләззат Ибрагимова азаматтарға жеке баспана алуға мүмкіндік беретін бағдарламалар қатары кеңейетінін жариялады
Қатысу үшін соңғы 18 айда атына тұрғын үй тіркелмеуі керек

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →