×

«Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламалары: Қалай үй аламыз

Өтінім қабылдау қарашада басталады

«Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламалары: Қалай үй аламыз
shutterstock

Елімізде мөлшерлемесі 7–9 пайызды құрайтын ипотекалық бағдарламаларды қаржыландыруға қосымша 500 млрд теңге бөлінді. Өтінім қабылдаудың жаңа кезеңі 2025 жылдың қарашасында басталады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Дағдарысқа қарсы шаралар аясында мемлекет субсидияланған тұрғын үй бағдарламаларын жалғастыру туралы шешім қабылдады. Бұл мақсатта «Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» бағдарламаларына қосымша қаражат бағытталып отыр.

«Қазір оның нақты тетіктері дайындалып жатыр. Қарашада жаңа өтінім қабылдауды бастаймыз немесе наурыз айында қатысып, талаптарға сай келмеген азаматтарға несие беру мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», – деді «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Бағдарламаға қатысатын құрылыс компаниялары алдағы үш жылда салынып жатқан пәтерлердің бағасын осы деңгейде ұстап тұру жөнінде келісімге қол қояды.

Бағдарлама шарттары:

  • Мөлшерлеме: әлеуметтік осал топтағы азаматтарға – 7%, басқа қазақстандықтарға – 9%;

  • Бастапқы жарна: әрленген пәтерлер үшін – 10%, жөндеуді қажет ететін пәтерлер үшін – 20%;

  • Несие сомасы: Астана мен Алматыда – 36 млн теңгеге дейін, өзге өңірлерде – 30 млн теңгеге дейін;

  • Тұрғын үй түрі: елорда мен Алматыда тек жаңа пәтерлер, басқа өңірлерде жаңа және қайталама нарықтағы пәтерлер мен жеке үйлер;

  • Талап: соңғы бес жылда жеке баспанасы болмауы тиіс;

  • Депозит: «Отбасы банкінде» кемінде 2 млн теңге жинақ болуы қажет.

Сонымен қатар «Наурыз жұмыскер» бағдарламасына өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларының мамандары қатыса алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →