×

Қазақстан банктері шетелге ақша аудару ісінде жаңа стандартқа көшті

Жаңа стандарт 13 қаңтардан бастап іске қосылған

Қазақстан банктері шетелге ақша аудару ісінде жаңа стандартқа көшті
Сурет: jsk.kz

Қазақстан банктері шетелге ақша аудару ісін жеңілдететін жаңа стандартқа көшті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

«Процесс барлық қаржы ұйымдарында өткен жылдың аяғында басталған еді. Бұл өзгерістің ерекшелігі төлем немесе мәміле туралы қосымша мәліметті беру мүмкіндігінде болып тұр. Сол арқылы қателік болу ықтималдығы азаяды. Төлемдерді өңдеу ісі автоматтандырылады, есеп айырысудағы жылдамдық пен қауіпсіздік жақсарады. Жаңа стандарт 13 қаңтардан бастап іске қосылды.SO 20022 – банктер мен қаржы ұйымдары арасында деректер алмасуға арналған халықаралық стандарт. Ол қаржылай транзакция жүргізгендегі ережелер мен ақпарат алмасу тәртібін анықтайды.Жаңа стандарт қаржы нарығына қатысушылардың жаңа өнімдер мен қызметті құруына негіз болады. Қазақстанның халықаралық стандартты пайдаланатын елдер қатарына кіруі трансшекаралық төлемді жеңілдетеді. Деректер алмасудың бірыңғай форматы арқасында халықаралық сауданы дамытуға септігін тигізеді», – деп түсіндіреді ҚҰБ Төлем жүйелері департаментінің жетекші экономист-маманы Аңсар Қалибаев

 Қазақстан Ұлттық Банк дерегінше –  Орталық  Азия елдері арасында алғашқы болып халықаралық стандартты пайдалануға енгізіп отыр.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Балдан металға дейін: Өскеменде "Қазақстанның үздік тауары" көрмесі өтті
27.06.2025ж. 12:45

Балдан металға дейін: Өскеменде "Қазақстанның үздік тауары" көрмесі өтті

Көрме жәрмеңке форматында өтіп, қонақтарсатып алу мүмкіндігіне ие болған
Қазақстандық лоукостер Skytrax World Airline Awards 2025 жүлдесіне ие болды
Қазақстандық әуе тасымалдаушы Орталық Азия мен ТМД бойынша үздік деп танылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →