×

Қонаевта 5 баланың анасы азық-түлік брендінің негізін қалап, кәсіп жүргізіп отыр

Ол азық-түліктен жасаған тағамдарға «Ayim» деген ортақ атау беріп, бренд еткен

Қонаевта 5 баланың анасы азық-түлік брендінің негізін қалап, кәсіп жүргізіп отыр
Сурет: Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қонаев қаласының тұрғыны жеке өзінің азық-түлік брендінің негізін қалап, кәсібін жүргізіп отыр, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Осыған байланысты Қонаев әкімдігі түрлі салада қызмет етіп жүрген кейіпкерлермен оқырманды таныстыруда.

Бүгінгі Еңбек адамы  – Гүлбаршын Қамбарова. Ол – 5 баланы тәрбиелеп отырған ана. Бұдан бірер уақыт бұрын үйінен тосап, салат жасап, елге сата бастаған. Кейіннен мемлекеттік грант алып, өз ісін ашқан.

«Жасаған тағамдарға «Ayim» деген ортақ атау беріп, бренд еттім. Мемлекеттік грант алған соң, дүкен ашып, қолдан жасалған тосап, салаттарымды, сусындар, жеміс-жидек сата бастадым. Қазір айлық табысымыз жақсы шығып жатыр. Жұбайым да, балаларым да көмектеседі», – дейді кәсіпкер әйел.

Сонымен қатар ол мемлекеттік қолдауды барынша қолданып, әрекет ету қажеттілігін атап өтті.

Айта кетейік, Қонаевта 6599 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Онда 16930 адам жұмыспен қамтылған. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандық IT-өнім Кремний алқабында үздік ондыққа кірді
Бүгін, 10:35

Қазақстандық IT-өнім Кремний алқабында үздік ондыққа кірді

Қазақстандық стартапты қазір 2200-ден аса компания қолданып жатыр
Кәсіпкерлер өңірдегі бизнес-қоғамдастықтың атынан сұрақтар мен ұсыныстар айтты
Ол "Jusan Bank" акцияларының 97,5% сатып алуға өтініш берген
Қазір елімізде 101 шетелдік компания тіркелген  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →