×

Вьетнамдық компания сатып алған "Qazaq Air" әуе компаниясы атауын өзгертеді

Бұл келісім Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жүзеге асқан

Вьетнамдық компания сатып алған "Qazaq Air" әуе компаниясы атауын өзгертеді
Сурет: flyqazaq.com

Вьетнамдық компания сатып алған "Qazaq Air" әуе компаниясы атауын өзгертетін болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов Қазақстан мен Вьетнам арасындағы іскерлік дөңгелек үстел аясында “Qazaq Air” әуе компаниясының атауы өзгеретінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл келісім Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жүзеге асқан.

«Сатып алушы ретінде SOVICO Group компаниясы шықты. Келісімнің барлық кейінге қалдырылған шарттары орындалды, төлем қабылданды, ал акциялар инвестордың есепшотына аударылды. Бұдан бөлек, “SOVICO Group” пен “VietJet Air” компанияларының “Qazaq Air”-дің басқару және операциялық қызметіне жаңа “VietJet Kazakhstan” брендімен қатысу ниетін жоғары бағалаймыз. Аймақтағы бағыттар желісінің кеңеюі көлік байланысын нығайтып, жаңа экономикалық өсу нүктелерін қалыптастырады. Біз бұрынғыдан да үлкен, бұрынғыдан да жақын боламыз», – деді Нұрлан Жақыпов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Altay Invest-2025»: Логистика, экспорт және туризмге жаңа серпін
26.09.2025ж. 13:06

«Altay Invest-2025»: Логистика, экспорт және туризмге жаңа серпін

Шығыс Қазақстанда «Altay Invest-2025» халықаралық форумы ашылды
Алдағы үш жыл ішінде Алматы облысында 110 гектар жерге алма ағашы отырғызылып, әйгілі апорт сорты қайта жаңғыртылмақ
Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Digital Bridge 2025 форумына қатысу үшін Қазақстанға келеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →