Танымал онлайн сервистің логистикалық орталықтары қалай жұмыс істейді
Танымал онлайн сервистің логистикалық орталықтары қалай жұмыс істейтінін көрсетеміз, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ай сайын тұтынушылардан 1 миллионнан астам тапсырыс түседі. 2025 жылы Kaspi.kz-тегі Magnum онлайн супермаркетіне 800 мыңнан астам қазақстандық 6 миллион тапсырыс берді. Бұл толықтай онлайн және тегін жеткізілді. Жобаға Kaspi.kz-тің инвестициясы 53 миллиард теңгеден асты. 4500-ден астам жұмыс орны ашылды. Бюджетке 5 миллиард теңге салық төленді.
Әр тапсырыс – бұл жүздеген тауар: балғын жеміс-жидек пен көкөніс, ет, сүт, жарма, тұрмыстық химия және тағы басқа. Онлайн супермаркеттегі ассортимент – 10 мыңнан астам тауар атауынан тұрады. Оның 50 пайыздан астамы – қазақстандық өнімдер.
Осындай үлкен көлемдегі тапсырысты орындау үшін тұтас кәсіпорын жұмыс істейді.
Тапсырысты жылдам жинап, жеткізу үшін Алматы, Астана және Шымкент қалаларында 6 логистикалық орталық салынды. Олардың жалпы аумағы – 114 000 м². 2025 жылы Алматы, Астана, Қарағанды және Ақтөбеде тағы 4 орталық ашылады, деп жоспарлануда.
Елдегі ең ірі онлайн супермаркеттің логистикалық орталықтарында 4500-ден астам адам жұмыс істейді. Бұл – қабылдау, сөреге қою, жинау, беру операторлары және әрине, курьерлер. Сонымен қатар, дарксторларда өз өндірісі бар – мұнда аспаздар мен наубайшылар жұмыс істейді.
Ең үлкен логистикалық орталық – Алматы қаласынан шыға берістегі Құлжа тасжолының бойында орналасқан. Орталық сатып алушыларға ай сайын 200 мың тапсырыс жібереді.
Күн сайын жеткізушілер мұнда жаңа тауарлар әкеледі. Олар қабылдау аймағында түсіріліп, сақтау жағдайына қарай сұрыпталып, орналастырылады.
Ең үлкені – «құрғақ аймақ». Мұнда жарма, макарон, сусындар және +18–22°С температурада сақталатын барлық өнімдер тұрады.
Салқындатылған тауарлар аймағында +2–6°С градус сақталады. Бұл жеміс, көкөніс, көк, сүт өнімдері мен жылуға сезімтал басқа да азық-түлік түрлерінің балғындығын сақтауға мүмкіндік береді.
Мұздатылған өнімдер аймағында -18 – -20°С температурада жартылай фабрикаттар, ет, балық, сары май, балмұздақ және басқа да мұздатуды қажет ететін өнімдер сақталады. Олар жеткізу кезінде еріп кетпеуі үшін бірден мұз салынған пакеттерге оралады.
Ет цехында нағыз шеберлер жұмыс істейді. Оларға тұтас етті бөлшектеу сөз емес.
Құлжа тас жолындағы логистикалық орталықтың өз наубайханасы да бар. Оның аумағы – 2000 шаршы метр. Мұнда түрлі нан, таба нан, тоқаш және печенье пісіріліп, қала ішіне жеткізіледі.
Логистикалық орталықтағы барлық үдерістер автоматтандырылған. Әйтпесе осынша көлемдегі тапсырысты жылдам өңдеу және жеткізу мүмкін болмас еді.
Тұтынушылар өздерінің Kaspi.kz қосымшасындағы Magnum бөлімінен тапсырыс бере алады. Барлық тапсырыстар жинаушыларға арналған арнайы ішкі қосымшаға түседі. Бұл қосымшаны ішкі IT-команда әзірлеген. Жинаушылар әр тауардың штрих-кодын сканерлейді, ал экранда қайсысы жиналды, қайсысы қалды – бәрі көрсетіледі. Сондықтан ештеңе ұмытылып қалмайды.
Барлығы жиналған соң, тапсырыс бақылаушыларға өтеді. Олар да қосымша арқылы жұмыс істейді: жиынтықты, салмағын, қаптамасын тексеріп, тапсырысты жеткізуге жібереді.
Kaspi.kz-тегі Magnum онлайн супермаркеті тапсырыстарды таңғы 7-ден түнгі 12-ге дейін, демалыссыз жеткізеді. Тауарды таңдаған соң 3 сағат ішінде алуға болады.
Онлайн тапсырыстар саны артып келеді. Бұл – тұтынушылар үшін ыңғайлы және жылдам зат сатып алу, ал ел экономикасы үшін – отандық өндірушілерге қолдау және жаңа жұмыс орындары.