×

Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған «eGov business» порталы құрылады

Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған «eGov business» электронды порталын іске қосу жоспарланып отыр

Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған «eGov business» порталы құрылады
Ашық дереккөзден

Бүгінде Цифрлық даму министрлігі, Стратегиялық жоспарлау агенттігі және бизнес өкілдері бірлесе оны жүзеге асыру жайын талқылап жатыр.Бұл туралы Қазақстан Инвесторлар Қауымдастығы Кеңесінің Төрағасы Болат Ақшолақов «Түйін» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Біз кәсіпкерлерге арналған бөлек «eGov» порталын жасау керекпіз. Қазір сол жұмыстардың тұжырымдамасын әзірлеуді бастадық. «eGov» электронды Үкімет порталы азаматтар үшін болса, «eGov business» түрлі саладағы бизнеспен айналысатын адамдар үшін жасалады. Бұл мәселені Инвесторлар қауымдастығы Цифрлық даму министрлігі, Стратегиялық жоспарлау агенттігімен бірлесе талқылап жатырмыз. Нәтижесінде «eGov business» бизнесті дамытуға үлкен үлес қосып, кәсіпкерлерге көптеген жеңілдік береді, - деді ол.

Сондай-ақ, Болат Ақшолақов елге тартылатын инвестицияның көлеміне ғана емес, оның сапасына назар аудару керек, - екенін атап өтті. Ол үшін қосымша жұмыстар атқарылу қажет. Мысалы, бюрократияны азайтып, заң нормаларына қатысты мәселелерді пысықтау талап етіледі. Болат Ақшолақов кейде заңда бекітілген мәселелер бизнесті дамытуға кері әсер етуі мүмкін екендігіне назар аударды.  

Айта кетейік, Қазақстан Инвесторлар Қауымдастығы 2025 жылдың басында Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылды. Оның мақсаты Үкімет пен бизнес қоғамдастығы арасында қарым-қатынасты нығайту.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Kaspi Alaqan: енді адамдар интернетсіз, алақанмен сауда жасай алады
31.10.2025ж. 22:13

Kaspi Alaqan: енді адамдар интернетсіз, алақанмен сауда жасай алады

Kaspi интернетке қосылмай-ақ төлем жасауға мүмкіндік беретін жаңа технологияны таныстырды
Шаруашылықтың суармалы жерлерінің жалпы көлемі 730 гектарды құрайды
Бұл мыңдаған дизайнер, видеограф, копирайтер мен шағын агенттіктер үшін корпоративтік тапсырыстардан айырылу қаупін тудырады.
Оның жылдық өндірістік қуаты 70 мың автокөлікке дейін жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →