×

«Altay Invest-2025»: Логистика, экспорт және туризмге жаңа серпін

Шығыс Қазақстанда «Altay Invest-2025» халықаралық форумы ашылды

«Altay Invest-2025»: Логистика, экспорт және туризмге жаңа серпін

Шығыс Қазақстан облысында халықаралық инвестициялық форум «Altay Invest-2025» өз жұмысын бастады. Бұл – инвесторлар, кәсіпкерлер мен билік өкілдерінің басын қосқан үлкен алаң. Форумға қатысушылар аймақтың мүмкіндіктерін талқылап, жаңа бизнес-жобалар мен бірлескен бастамаларды қарастырады, деп хабарлайды Qaz365.kz
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов форумның ашылуында өңірдің стратегиялық басымдықтарын атап өтті.

– Шығыс Қазақстан – ел картасында ерекше орын алатын аймақ. Біз Еуразияның негізгі бағыттарының қиылысында тұрмыз, Қытай және Ресеймен шектесеміз. Өңіріміздің табиғаты бай, тарихы терең. Бірақ бізді тек транзиттік аймақ деп қабылдауға болмайды. Бұл – жаңа өндірістер мен қызметтерді, жаһандық нарыққа бағытталған жобаларды жүзеге асыратын өңір. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы да осы – экономиканы әртараптандыру, экспортты дамыту және инвестиция тарту, – деді аймақ басшысы.

Соңғы бес жылда Шығыс Қазақстанға 3 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылған. Биылдың өзінде тағы 1 трлн теңге қаражат құю жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде аймақта құны 100 млрд теңгеден асатын 11 жоба іске асырылуда. Олар жаңа жұмыс орындарын ашып, өңір экономикасын нығайтуға жол ашады.


Форумда туризмді дамыту, шекара маңындағы ынтымақтастықты кеңейту, тікелей инвестициялар тарту, экспорт әлеуетін арттыру, сондай-ақ көлік-логистикалық әріптестікті жолға қою мәселелері қаралды. Өңірдің транзиттік мүмкіндіктерін пайдаланып, халықаралық дәліздерге интеграциялану басты басымдық ретінде белгіленді.
Сонымен қатар, кадр даярлау, инфрақұрылымды жетілдіру және цифрландыру бағыттарына да ерекше назар аударылып отыр. Бұл шаралар инвесторлар мен тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

– Бүгінгі форум жаңа жобаларға жол ашып, үлкен жетістіктердің бастамасы болсын. Біз бірге өңірдің әлеуетін нақты нәтижеге айналдырып, инвесторлар мен ел игілігі үшін қолайлы орта құрамыз деп сенемін, – деді облыс әкімі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Талғарда дәстүрлі «Бақ күні» өткізілді: әйгілі апорт қайта жанданады
22.09.2025ж. 10:49

Талғарда дәстүрлі «Бақ күні» өткізілді: әйгілі апорт қайта жанданады

Алдағы үш жыл ішінде Алматы облысында 110 гектар жерге алма ағашы отырғызылып, әйгілі апорт сорты қайта жаңғыртылмақ
Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Digital Bridge 2025 форумына қатысу үшін Қазақстанға келеді
Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған «eGov business» электронды порталын іске қосу жоспарланып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →