×

Алматы қаласы әкімдігі бизнесті қолдайды: кәсіпкерлер үшін салық жүктемесін азайту ұсынылды

Алматы қаласы әкімдігі бизнесті қолдайды: кәсіпкерлер үшін салық жүктемесін азайту ұсынылды

2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі аясында республикада жеңілдетілген және бөлшек салық режимдері 4% мөлшерлемемен біріктіріледі. Осыған орай Алматы қаласы әкімдігі кәсіпкерлерге қосымша қолдау көрсетіп, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау бастамасын көтерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңес қорытындысы бойынша, 2026 жылдан бастап жаңа жеңілдетілген салық режимін қолданатын барлық кәсіпкерлер үшін тиімді мөлшерлемені 3% деңгейінде белгілеу туралы мәселені Мәслихаттың қарауына шығару жөнінде шешім қабылданды.

Бұл шара шағын және орта бизнестің салықтық тұрақтылығын сақтауға, қосымша инфляциялық тәуекелдердің алдын алуға және B2C-сегменттегі нысандарды: үй маңындағы дүкендер, шаштараздар, шеберханалар мен тұрмыстық қызмет көрсету орындарын қолдауға мүмкіндік береді.

Әкімдік ұсынған бастама кәсіпкерлердің мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтып, инвестициялық ахуалды тұрақты сақтауға және іскерлік белсенділіктің өсуіне ықпал етеді деп санайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақылды бағдаршамнан стартаптарға дейін: Қарағанды облысы цифрландыру қарқынын арттырып келеді
Бүгін, 12:53

Ақылды бағдаршамнан стартаптарға дейін: Қарағанды облысы цифрландыру қарқынын арттырып келеді

Әкімнің айтуынша, өңірде IT-компаниялардан түсетін салық көлемі жыл сайын 35 пайызға өсіп келеді
Президент жастарға нақты импульс беріп отыр
Kaspi интернетке қосылмай-ақ төлем жасауға мүмкіндік беретін жаңа технологияны таныстырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →