×

Ақтөбе облысына 10 айда 892 млрд теңге инвестиция тартылды

Жыл соңына дейін жалпы құны 350 млрд теңгеге жуық 4 ірі жоба іске қосылмақ

Ақтөбе облысына 10 айда 892 млрд теңге инвестиция тартылды
Ақтөбе облысы әкімдігі

2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының экономикасына 892 млрд теңге инвестиция құйылды. Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әкімнің айтуынша, өңірдің экономикалық өсімі 103,6 пайызға жетіп, негізгі салалардың барлығында тұрақты даму байқалады.

«Мемлекет басшысының нақты тапсырмасы – елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру және шетелдік капитал тартудың жаңа тетіктерін енгізу. Біз бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз», – деді Асхат Шахаров.

Биыл облыста жалпы құны 110 млрд теңгеден асатын сегіз ірі жоба іске қосылды. Солардың бірі – ERG компаниясының қуаты 150 МВт болатын жел электр станциясы. Инвестиция көлемі – 74 млрд теңге.

Сонымен қатар, KazFeltec компаниясының бастамасымен Қазақстанда алғаш рет қой жүнін терең өңдеп, құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды. Құны – 5,3 млрд теңге, қуаттылығы – жылына 2 мың тонна өнім. Кәсіпорын 50 жаңа жұмыс орнын ашып, өңірдің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен тығыз байланыс орнатқан.

Өңірде іске асырылған басқа жобалар қатарында:

  • ауыл шаруашылығы химикаттарын өндіру («MKR Plus» ЖШС);

  • гофроқаптама өндірісі («Capital Plast KZ» ЖШС);

  • өртке қарсы құралдар шығару («Ort Tehnika-Qazaqstan» ЖШС);

  • өнеркәсіптік қалдықтардан хром өндіру (ERG Green АҚ «ТНК «Қазхром» флотация учаскесі).

Жыл соңына дейін жалпы құны 350 млрд теңгеге жуық 4 ірі жоба іске қосылмақ. Олардың ішінде:

  • «Лиманное» кен орнын игеру («КазГеоруд» ЖШС);

  • «Болашақ» шахтасының екінші кезеңін салу («Қазхром» ТҰК» АҚ);

  • рельс дәнекерлеу өндірісін ұйымдастыру («ПЗТМ LTD» ЖШС);

  • металл өңдеу және жөндеу орталығын ашу («Метэкс Сервис» ЖШС).

Болашақта өңірде карбамид, битум және цемент өндіретін зауыттар салу жоспарланып отыр.

«Әрбір инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы – жеке бақылауымда. Инвесторлардың барлық мәселелері жедел шешімін табуда», – деді облыс басшысы.

Бүгінде өңірде бизнеске қолайлы жағдай жасалған:

  • Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай маңында 570 гектарлық “Ақтөбе” арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеп тұр;

  • Хромтау ауданында 150 гектар аумақты қамтитын индустриялық аймақ іске қосылған.

Бұл бастамалар Ақтөбе облысын еліміздің инвестициялық орталығына айналдыруға бағытталған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада «Құқықтық дәріхана» көмек береді
14.11.2025ж. 19:17

Астанада «Құқықтық дәріхана» көмек береді

Тұрғындарға кейде өз құқықтары мен міндеттерін қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндіру жетіспейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →