×

Жаңа Салық кодексі кімнің мүддесін қорғап отыр – сарапшы

Бір қарағанда, шешімнің еш зияны жоқтай көрінеді

Жаңа Салық кодексі кімнің мүддесін қорғап отыр – сарапшы
Ашық дереккөздерден

Қазақстанның жаңа Салық кодексінде ҚҚС-тан босатылған әдеттегі санаттар сақталған. Олардың қатарында археологиялық жұмыстар, мемлекеттік медициналық көмек және әлеуметтік қызметтер бар. Күтпеген жерден оларға кітап басып шығару да қосылыпты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бір қарағанда, шешімнің еш зияны жоқтай көрінеді. Бірақ, сарапшылардың пікірінше, дәл осындай ерекшеліктер салық саясатының барлығына бірдей қолданылмайтынын көрсетеді.

Салық даулары бойынша заңгер және бухгалтер Айжан Балакешова TENGE TALKS YouTube-арнасына берген сұхбатында бұл норманы даулы деп атап, баспа саласын салықтан босату қабылданған шешімнің объективтілігіне күмән туғызатынын атап өтті.

«Бұл өте таңқаларлық норма. Мамандар бұған ашулы. Неліктен баспа ҚҚС-дан босатылады, ал медицина, азық-түлік және баспанаға салық салынады? Бұл әділетсіз. 50 млн теңге тұратын тұрғын үй ҚҚС-н қосқанда 65 млн теңге болады, ал кітаптар 65 мың теңге болады екен. Салыстыруға келмейді», – деді Балакешова.

Оның айтуынша, Қазақстанда еліміздің барлық мектептері үшін оқулықтар басып шығаратын екі ғана ірі баспа кәсіпорны бар және осы жеңілдіктің пайдасын негізінен солар көреді.

«Forbes бұл компаниялардың басында кім тұрғанын көрсетеді. Мысалы, ең ірі баспалардың бірінің директорлар кеңесінің төрағасы Салық кодексін жазу жөніндегі жұмыс тобының қатысушысының анасы болып табылады. Бұл жерде шынымен кітап оқуды қолдау ма әлде біреулердің мүддесін қорғап отыр ма деген сауал туындайды», – деп атап өтті сарапшы.

Ол сондай-ақ баспагерлер қағаз бен бояуды ҚҚС-пен сатып алатынын, сондықтан салық шегерімдерін алатынын, ал басқа кәсіпорындар жалпыға ортақ шарттар бойынша жұмыс істеуге мәжбүр екенін еске салды.

«Егер біз әділ кодекс туралы айтатын болсақ, онда бәрі бірдей ортақ шарттар болуы тиіс. Мейлі ол бірыңғай ставка немесе прогрессивті шкала болсын, бірақ жекелеген салалар үшін таңдамалы жеңілдіктер емес. Кітап оқуды ынталандыру түріндегі баспаларды салықтан босату бизнестің қалған бөлігіне қатысты әділетсіздік болып табылады», – деді Балакешова.

Сарапшының пікірінше, Салық кодексінің 245-бабына түзету енгізіп, ҚҚС-тың салық салынатын айналымына кітап басып шығару қызметін де қосу керек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысына 10 айда 892 млрд теңге инвестиция тартылды
19.11.2025ж. 16:41

Ақтөбе облысына 10 айда 892 млрд теңге инвестиция тартылды

Жыл соңына дейін жалпы құны 350 млрд теңгеге жуық 4 ірі жоба іске қосылмақ
Тұрғындарға кейде өз құқықтары мен міндеттерін қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндіру жетіспейді
Әкімнің айтуынша, өңірде IT-компаниялардан түсетін салық көлемі жыл сайын 35 пайызға өсіп келеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →