Kaspi басшысы Михаил Ломтадзе компанияның жаңа AI-көмекшісін іске қосқанын хабарлады. Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін бұл құралды Қазақстандағы Kaspi AI командасы әзірлеген, деп жазады Qaz365.kz.
Жаңа көмекші кәсіпкерлерге тауардың суретін түсіруге, сипаттамасын автоматты түрде жазуға, мәтінді безендіруге және дайын визуалдарды жасауға мүмкіндік береді. Яғни онлайн сату үшін қажет контентті бірнеше секундта әзірлеуге болады.
Kaspi өкілдерінің айтуынша, бұл шешім кәсіпкерлердің уақытын үнемдеп, контент дайындауға кететін күшті азайтады.
Михаил Ломтадзе сонымен қатар компанияның екінші жаңа өнімін – сыртқы жарнамаға арналған сервисті таныстырды. Енді Kaspi серіктестері өз тауарларын Instagram, Google, Facebook және TikTok сияқты сыртқы платформаларда жарнамалай алады.
Жаңа жарнамалық жүйе аналитика және жарнама науқандарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктерімен жұмыс істейді.
Kaspi мәліметінше, жаңа сервис 2025 жылғы қарашада іске қосылады. Компания жасанды интеллект технологияларын дамытып, цифрлық экожүйесін кеңейту арқылы Қазақстан нарығындағы жетекші орнын нығайтуды көздеп отыр.