×

Мобильді аударымдар қатаң бақыланады: 2026 жылдан бастап кімдер тексеріледі

Мобильді аударымдар қатаң бақыланады: 2026 жылдан бастап кімдер тексеріледі
Forbes/ Сергей Александров

2026 жылдың басынан бастап Қазақстанда жеке тұлғалардың мобильді аударымдарына қатысты салықтық бақылаудың жаңа тәртібі қолданысқа енгізіледі. Жаңа талаптар көлеңкелі табыстарды анықтауға және тіркелмеген кәсіпкерлік қызметтің алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңартылған ережелерге сәйкес, азаматтардың мобильді аударымдары бірқатар нақты критерийлер бойынша талданады. Атап айтқанда, егер бір адамға үш ай қатарынан – қаңтар, ақпан және наурыз айларында – 100-ден астам әртүрлі тұлғадан ақша аударылса және осы кезеңдегі аударымдардың жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асса, мұндай операциялар салық органдарының бақылауына алынады.

Аталған жағдайларда мемлекеттік кірістер органдары аударымдардың мақсатын тексеріп, олардың кәсіпкерлік қызметке қатысы бар-жоғын анықтайды. Егер қаражат тұрақты түрде табыс табу мақсатында алынғаны дәлелденсе, азаматқа тиісті салық міндеттемелері жүктелуі мүмкін.

Мамандар бұл шаралар қарапайым тұрмыстық аударымдарға емес, жүйелі әрі ірі көлемдегі қаржы айналымына бағытталғанын атап өтеді. Салық органдарының мәліметінше, жаңа бақылау тетігі адал салық төлеушілерге емес, көлеңкелі экономиканы қысқартуға арналған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →