×

Жаңа Салық кодексі: ForteBusiness кәсіпкерлерге бейімделуге көмектеседі

ForteBank Қазақстандық салық кеңесшілерінің қауымдастығымен бірлесе отырып, сарапшылар мен кәсіпкерлердің басын қосты

Жаңа Салық кодексі: ForteBusiness кәсіпкерлерге бейімделуге көмектеседі
ForteBank

Жаңартылған Салық кодексі қолданылғалы екі айға жуық уақыт өтті және осы уақыт аралығында бизнесте біршама сауал туындағаны айқындалды. Жаңа нормалар үйреншікті шешімдерді өзгертті, ал кәсіпкерлерге не өзгергенін және ары қарай қалай әрекет ету керегін айқын түсіну маңызды. Бұл сауалдарға жауап беру үшін ForteBank Қазақстандық салық кеңесшілерінің қауымдастығымен бірлесе отырып, сарапшылар мен кәсіпкерлердің басын қосты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Бизнес сапалы сараптамаға мұқтаж екенін түсіне келе, 25 ақпанда Астанада "Салық кодексі 2026. Тағы нені білген маңызды және оны қалай қолдану керек" деген тақырыпта ауқымды практикалық семинар өткізілді. 50-ден астам елордалық кәсіпкер бас қосқан шараны ForteBank Қазақстандық салық кеңесшілерінің қауымдастығымен (ҚСКҚ) бірге ұйымдастырған.

Бизнес-орта кез келген фискалды өзгерістерге аса сақтықпен қарайды. Алайда сарапшылар объективтілікке шақырып отыр: жаңа құжатта жағымды нормалар да аз емес. ҚСКҚ басқарма төрағасы Сәкен Қариннің айтуынша, мемлекет бақылау және алдын алу шараларының ара-жігін нақты айқындап, сервистік модельге көшіп отыр.

"Жағымды өзгерістер бойынша: енді нөлдік есептілікті тапсыру қажет емес. Мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану шегі 6 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін өсті – енді ұсақ-түйек қарыздарға бола шоттарды бірден бұғаттамайды. Көп субъекті үшін КТС-тің ыңғайлы мөлшерлемесі сақталып отыр", - деп атап өтті Сәкен Қарин.

Десе де бақылау нақты әрі қатаң бола түсті. Нақтырақ айтқанда, ЭШФ көшірмелерінің мониторингі күшейді, оның нәтижелері бойынша заң бұзғандарға ауыр санкциялар қолданылуы мүмкін.

Жаңа ережелер бизнестен барынша мұқият болуды талап етеді. Салық кеңесшісі Анастасия Макованың сөзінше, қиынға соғып тұрған, көптеген кәсіпкерді бизнес-модельді түбегейлі өзгертуге мәжбүрлейтін мәселенің бірі – жалпыға ортақ режим бойынша шегеруге тыйым салынуы.

"Мәселен, жүк тасымалдау арқылы азғантай ғана табысы бар қарапайым кәсіпкер ірі тапсырыс берушілерімен жұмысты жалғастыру үшін ортақ режимге көшуге мәжбүр болады", - деп мысал келтіреді спикер.

Салық жүктемесін азайту үшін кейде компаниялар қазіргі жағдайда айыппұлға ұласуы мүмкін қадамдарға барады. Бүгінгі күні ең басты қателіктердің бірі – заңды мекенжайды жалған өзгерту.

"Үнемдеу үшін қала ауыстыру бұрынғыдай көмектеспейді, себебі касса аппараттары геолокацияны көрсетіп тұрады. Егер дүкеніңіз мөлшерлеме 3%-ға тең Алматыда орналасса, ал сіз мөлшерлемесі 2% деп бекітілген Шымкентте қайта тіркелсеңіз – бұл сізді құтқарып қалмайды. Мөлшерлеме нақты іс жүзіндегі орынға байланысты қолданылуы керек. Адамдар үнемдеу мақсатында қайта тіркеліп, қателесіп жатыр. Мұндай бір емес, бірнеше кейсті білемін", - деп ескертті сарапшы.

Мұндай жайттарды болдырмас үшін есепті цифрландыру көмектеседі. Алайда көзді жұмып, алгоритмдерге иек арта салу да қате – олар сарапшымен бірлесе жұмыс істеуі керек. Мұндай жағдайларда бизнеске тек ыңғайлы сервис қана емес, білімге қолжетімділік те керек. Толыққанды экожүйелерге трансформацияланып жатқан алдыңғы қатарлы банктердің ерекшелігі де осындай шешімдерде.

"Бизнеске арналған заманауи банкинг жай ғана шот аша салумен шектелмейді. Заңнамада өзгерістер болып жатқан кезеңдерде сенімділік пен аяққа нық тұру аса қажет. ForteBusiness-тің стратегиялық міндеті – ШОБ үшін сенімді серіктес болу. Сарапшыларға арналған семинарларды ұйымдастыру және есепті автоматтандыру үшін алдыңғы қатарлы цифрлық шешімдерді ұсыну арқылы біз клиенттеріміздің қаржылық саулығына инвестиция жасаймыз. Бизнес ашық жұмыс істесе, оның ауқымы да сәтті түрде кеңей түседі. Ал клиенттердің табысты болуы банктің де табысы", - дейді ForteBusiness өкілдері.

Астанада өткен семинарға қатысушылар белсенділік танытып, практик мамандармен жүздесу форматы аса қажет екенін дәлелдеді. Сарапшылардан басты кеңес – салық заңнамасын әркім түсінуі керек, ал компанияны дамыту тұжырымдамасын сараптамасын бөлісуге және әр клиенттің мүддесін қорғауға дайын сенімді қаржылық серіктестерге арқа сүйей отырып, бірнеше жылға алдын ала жоспарлаған жөн.

*PR құқығында

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «ForteBank» АҚ-ға 03.02.2020 ж. берген №1.2.29/197/36 лицензия.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →