×

Бензиннің қымбаттауы: сарапшы биліктің қатесін айтты

Қазақстан ең көп жанармай тұтынушылардың қатарында

Бензиннің қымбаттауы: сарапшы биліктің қатесін айтты
minber.kz

Бұл пікірді экономист-сарапшы Шолпан Әйтенова білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі minber.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда жанар-жағармайдың бағасы өсті. Сарапшылардың айтуынша, бұл елдегі өзге де азық-түлік бағасының қымбаттауын жеделдетеді. Алайда, экономист Шолпан Әйтенова бензиннің қымбаттауының өзі инфляцияның салдарынан дейді.

– Бензиннің қымбаттауы азық түлік пен басқа да тауарлардың  қымбаттауына әкеле ме? 

– Қазіргі таңда барлығы қымбаттап жатыр, сол сияқты бензин де, оны шығарып жатқандар мен сатып жатқандар қымбаттатып отыр. Яғни, бензиннің қымбаттауы басқа тауарлардың қымбаттауына әкеліп жатқан жоқ, керісінше, жалпы инфляция бензиннің қымбаттауына әсер етіп тұр.

– Егістік жұмыстары басталар алдында бензин бағасының қымбаттауы тенденцияға айналған секілді. Жылда осы. Бұның себебі неде? 

– Себебі, тек бізде ғана бензин арзан бағада, ал егістік жұмыстары тек бізде ғана емес, көрші мемлекеттерде де басталады. Ал ол жақта баға біздікінен де қымбат. Негізі мемлекеттің контрабанданы бақылауда ұстай алмауы егістік жұмыстарының алдында бензиннің тапшылығы мен оның қымбатшылығына әкеледі. 

– Жалпы баға тұрақтануы мүмкін бе? 

 – Сұранысқа ие нәрсе қашанда бағаның өсуіне себепші болады. Әлихан Смаилов Қазақстан ең көп жанармай тұтынушылардың қатарында екенін атап өтті. Адам басына шаққанда жылына 370 л шығып отыр.  Мысалға салыстырсақ, Ресейле 225 литрден, Қырғызстанда 98 литр, ал Өзбекстанда 44 литрден келеді. Ал мұны көршілес елдерге жанар-жағармай экспорты немесе «көлеңкелі» экспорт көлемінің өсуімен байланыстырды. Осылайша, жанармай контрабандасы ішкі нарықта жанармай бағасының өсуіне ықпал етеді. Яғни, бағаның көтерілуіне көлеңкелі схемасы бар адал емес кәсіпкерлеріміздің қатысы бар. Қазақстанда бензин бағасы көрші елдермен салыстырғанда ең төмен бағаға ие, сондықтан бағалар теңеспейінше, баға айырмашылығы арқылы ақша жасау  әрқашан болады.

– Энергетиканың экс министрі Болат Ақшолақов 15 наурызда, яғни Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауының алдында “бензин бағасы көтерілмейді” деген мәлімдеме жасайды. Ал сайлау өтісімен, 4 сәуірде “бензин бағасын көтермесе болмайды” деген уәж айтады. Ол кезде Министрлер кабинеті әлі жасақталмаған еді. Болат Ақшолақов “міндетін атқарушы” болатын. Министрлер қабинеті қайта жасақталғанда, Болат Ақшолақов министрлер қатарынан көрінбеді. Сонда бұл не, сайлауалды халықты алдарқату ма? Өзгенің қолымен от көсеу ме? 

– Иә. Айналаның бәрі қымбаттап, бензин жарық, сүт секілді күнделікті қажетті өнім болып жатқанда, ол мұндай уәделерді бермеуі керек еді.  Бізде әлі де халықпен байланыс саясаты дұрыс қалыптаспаған. Халықты жас балаша алдау тенденцияға айналып кетті. Сондықтан алдын ала бәрі жақсы болады деп айтпауы керек еді.

– Рахмет! 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда құны алтынмен тең цифрлық инвестициялық монета шығарылады
15.11.2024ж. 11:55

Қазақстанда құны алтынмен тең цифрлық инвестициялық монета шығарылады

Монеталар Астана халықаралық биржасының «TABYS» мобильді қосымшасы арқылы сатылады
KEGOC басқармасы 5 адамнан, ал директорлар кеңесі 7 адамнан тұрады
Бұл бизнесті жеңілдету және инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндігі беріледі
Олар тұрғындарды шетелде жаңа пәтер мен көлік сатып алуға қызықтырған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →