×

«QazaqGaz» төрағасы Қайрат Шәріпбаевтың туыстарымен келісімшартты бұзғанын хабарлады

Қайрат Шәріпбаев компанияның қаржысына элиталық пәтер тұрғызып, оны жақындарына таратып бермекші болған

«QazaqGaz» төрағасы Қайрат Шәріпбаевтың туыстарымен келісімшартты бұзғанын хабарлады
ашық дереккөзден

«QazaqGaz» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жәркешов Ulysmedia-ға берген сұхбатында бұрынғы басшы Қайрат Шәріпбаевтың кейбір заңсыздықтарының шет жағасын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Шәріпбаевтың тұсында әртүрлі жағдайлар болған. Туыстарын да жұмысқа алған. Шыны керек, заңбұзушылықтары болғаны жасырын емес. Ондай адамдармен еңбек келісімшартын бұздық.  Енді жаңа командамызбен жұмыс істеп жатырмыз, - дейді Санжар Жәркешов.

Ол компанияның балансында Алматының қақ ортасында Premium класындағы тұрғын үй кешені бар екенін еске салып өтті.

Осындай Premium санаттағы пәтердің шаршы метрін 300 мың теңгеге, 30 жылға бөліп-төлеуге (рассрочкаға) береміз десе аласыз ғой. Керемет ұсыныс. Ондай пәтерді елдің бәрі алғысы келеді. Бірақ шын мәнінде нарықтағы бағасы одан жоғары екенін жақсы түсінесіз. Ал ол арзан бағаға таратып бермекші болған. Енді, міне, сол тұрғын үй бойынша қылмыстық іс қозғалды. Біраз адам табылды. Көбінесе, өзінің туыстарына (Шәріпбаев -тілші), достарына және компанияда істемейтін адамдарға да бермекші болған екен, - дейді «QazaqGaz» төрағасы.

Ол сондай адамдармен еңбек шартын тоқтатып, кейбіріне қылмыстық іс қозғалғанын айта кетті.

Еске  салып өтсек, Қайрат Шәріпбаевты ақпарат құралдары экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның күйеуі деп атайды. Ол қаңтар оқиғасынан кейін QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен кеткен. Былтыр Санжар Жәркешов компанияда 937 млрд теңгеден астам сомаға делдалдық схемалар мен қаржылық заң бұзу деректері табылғанын мәлім еткен болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жергілікті қор нарығының проблемасы қандай?
02.05.2024ж. 10:10

Жергілікті қор нарығының проблемасы қандай?

Кездейсоқтық па әлде басқа ма, әйтеуір біз қазақстандық инвест банктер өзін жақсы сезінетінін байқаймыз
Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қаланы қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шықты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →