×

Банктер халықтың қарызын қайтармай тұрып, неге дивиденд төлейді - Ермұрат Бапи

Айтуынша, «Халық банкі» акционерлеріне  дивиденд ретінде жарты миллиард долларға жуық ақша төлемек

Банктер халықтың қарызын қайтармай тұрып, неге дивиденд төлейді - Ермұрат Бапи
Коллаж: Qaz365.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидің Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматовқа жолдаған депутаттық сауалы «Халық банкінің» 2022 жылға дивиденттер төлеуіне қатысты болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутаттың айтуынша, 2017 – 2021 жылдары экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей нұсқауы мен қолдауы бойынша, ҚР Үкіметі республика банкі секторына орасан зор қаржылық көмек көрсетті. Ол көмектің аты «сауықтыру» деп аталды.

“Естеріңізге салайын: триллион теңгемен өлшенетін бұл «сауықтыру» көмегі болашақ ұрпаққа деп белгіленген Ұлттық қордың есебінен берілді. Яғни, біз банктерді «сауықтыруға» халықтың ортақ қазыналық қаржысын жұмсадық. Халық есебінен майшелпекке батқан банкілер: «Жусан банкпен» біріккен АТФ-Банк пен «Цесна банк», «Халық банк», «Евразиялық банк», Банк «Центркредит», «Нурбанк» және «РБК банкі» (РБК бізге түсінікті – оның 100% акциясы «Бәйтерек» арқылы үкіметтің иелігінде).

Дегенмен, 2017 жылдан бері тағы да мүдделі кланның команда беруімен банкілердің бірін екіншісіне қосуға арналған көптеген трансакциялар жасалып, нәтижесінде бір отбасы бірнеше банкті толығымен «жұтып қойды». Бұның ақыры экс-президенттің қоры мен «Жусан банкке» байланысты әлемдік шырғалаңмен аяқталды. Дәлірек айтқанда, бұл скандал әлі біткен жоқ, ел азаматтары мен Мәжіліс депутаттары болашақта бұл афераның анық-қанығын анықтауы тиіс”, – деді депутат сауалында.

Оның айтуынша, егер Журналистердің Халықаралық Зерттеу Концорциумы (ICIJ) болмағанда, біз қазақ банкісін шетелдіктер иеленіп кеткенін білмес те едік. Шетелдік қожайынның ешқайсысы ақша шығарып, «Жусан банкті» сатып алған жоқ. Тіпті, «Жусан» «жұтып қойған» қазақстандық банктерді «сауықтыруға» бұл қожайындар көк тиын шығармады.

“Ғалымжан Олжаұлы!

Енді міне, менің сайлаушыларым Ұлттық қордың есебінен тойынған банкілер өз акционерлеріне неге дивиденттер төлейді деген сұрақ қоюда. Есіңізде болса, өткен шақырылымдағы Мәжіліс депутаты Нұров мырзаның белсенділігі мен табандылығының арқасында, 2021 жылы «Жусан банк» дивидент төлеуді тоқтатуға мәжбүр болған еді.

Бұл жағдайды тәптіштеп айтып отырған себебім – Ұлттық қордан миллиардтаған доллар көмек алған банктер халықтың қарызын қайтармай тұрып, неге дивиденд төлейді? Мәселен, алдағы маусым айында «Халық банкі» өз акционерлеріне  дивиденд ретінде жарты миллиард долларға жуық ақша төлемек”, – деп сауал жолдады Бапи.

Депутат ресми тараған ақпаратты орыс тілінде айтып берді.

«Народный Банк Казахстана» может направить на выплату дивидендов за 2022 год до 50% чистой прибыли за этот период, следует из материалов к годовому общему собранию акционеров, которое пройдет 25 мая 2023 года. Размер выплат составит 25,38 тенге за одну бумагу (около 277 млрд тенге из чистой прибыли 554 млрд тенге), - в два раза больше, чем дивиденды за 2021 год (138,64 млрд тенге)” – делінген ақпаратта.

Бапи «Халық банкінің» 56,39% акциясы «Алмэкс» компаниялар тобы арқылы Динара және Тимур Құлыбаевтардың иелігінде, 23,13 %-дың иесі – The Bank of New York екенін айтып өтті.

“Құрметті Ұлттық Банк төрағасы! Енді сізге нақты сұрақ:

Ұлттық қордың алдындағы қарызын қайтармаған «Халық банкінің» бұл 554 миллиард теңге «таза пайдасы» қайдан және қалай пайда болды?

«Халық банк» және халықтың есебінен көмек алған басқа банктер Ұлттық қордың алдындағы қарызын халыққа қайтармай тұрып, дивиденд төлеу практикасын сіз қалай түсіндіресіз?

Өткен алты жылда және қай жылдары қай банк, оның ішінде «Халық банкі» бар, Ұлттық қордың қанша қарызын қайтарды?” – деді мәжілісмен.

Осыған байланысты Ермұрат Бапи Мәжіліс депутаттарын «Халық банкі» мен ҚР Ұлттық Банкінің есебін тыңдауға шақырды. Бұл фининституттар Мәжілістің алдында есеп бергенге дейін дивиденттер төлеуді тоқтататын құжат қабылдауды ұсынды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда құны алтынмен тең цифрлық инвестициялық монета шығарылады
15.11.2024ж. 11:55

Қазақстанда құны алтынмен тең цифрлық инвестициялық монета шығарылады

Монеталар Астана халықаралық биржасының «TABYS» мобильді қосымшасы арқылы сатылады
KEGOC басқармасы 5 адамнан, ал директорлар кеңесі 7 адамнан тұрады
Бұл бизнесті жеңілдету және инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндігі беріледі
Олар тұрғындарды шетелде жаңа пәтер мен көлік сатып алуға қызықтырған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →