×

Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдау келісімшарты ұзартылды

Келісімшарт 2034 жылға дейін жалғасады

Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдау келісімшарты ұзартылды
Ашық дереккөздерден

Жылына 10 млн тонна Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау туралы келісімшарт 2034 жылға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«ҚазТрансОйл» АҚ «Роснефть» ҰК» ЖАҚ-мен Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының территориясы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартқа қосымша келісім жасасты.

Құжат 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ мен «Роснефть» ҰК» ЖАҚ арасындағы шартқа қосымша келісімшартты 2034 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартуды, жылына 10 млн тонна Ресей мұнайын Қытай Халық Республикасына тасымалдауды және қолданыстағы тарифті сақтауды көздейді", – делінген «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ РФ шекарасы – ҚР шекарасы (Ертіс) – «Атасу (ҚР) – Алашаңқай» (ҚХР) бағыты бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына жылына 10 млн тонна Ресей мұнайын тасымалдау қызметі ҚҚС есебінсіз бір тонна тарифке 15 АҚШ долларын құрайды, оның ішінде:

  • «Атасу БМАС-қа» мұнайды ауыстырып тиеуді қоса алғанда, РФ шекарасы – ҚР шекарасы (Ертіс өңірі - «Атасу» (ҚР) учаскесінде – ҚҚС есебінсіз 1 тонна үшін тариф 4,23 АҚШ долларын құрайды
  • «Атасу (ҚР) – Алашаңқай»(Қытай) учаскесінде – ҚҚС есебінсіз 1 тонна үшін 10,77 АҚШ долларын қүрайды.

2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында «ҚазТрансОйл» АҚ Қытай Халық Республикасына 3,2 млн тонна Ресей мұнайының транзитін жүзеге асырды. 

Айта кетсек, «Атасу-Алашаңқай» магистральдық мұнай құбыры «Қазақстан-Қытай» магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің бөлігі болып табылады және «ҚазТрансОйл» АҚ (50%) және China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd бірлескен кәсіпорны болып табылатын «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-не тиесілі. (50 %).  Атасу-Алашаңқай»  магистральдық мұнай құбырының жобалық қуаты - жылына 20 млн тонна мұнай тасымалдау.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда құны алтынмен тең цифрлық инвестициялық монета шығарылады
15.11.2024ж. 11:55

Қазақстанда құны алтынмен тең цифрлық инвестициялық монета шығарылады

Монеталар Астана халықаралық биржасының «TABYS» мобильді қосымшасы арқылы сатылады
KEGOC басқармасы 5 адамнан, ал директорлар кеңесі 7 адамнан тұрады
Бұл бизнесті жеңілдету және инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндігі беріледі
Олар тұрғындарды шетелде жаңа пәтер мен көлік сатып алуға қызықтырған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →