×

Қазақстаннан көмір мен лигнитті көлікпен әкетуге 6 айға шектеу қойылды

Аталған тәртіп халықты және коммуналды-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету үшін қолға алынды

Қазақстаннан көмір мен лигнитті көлікпен әкетуге 6 айға шектеу қойылды
Ашық дереккөздерден

Еліміздің аумағынан көмір мен лигнитті (сулы, төмен калориялы және ағаштың қосындылары бар қоңыр көмірдің бір түрі) автомобиль көлігімен әкетуге 6 айға шектеу қойылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған тәртіп халықты және коммуналды-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету, сондай-ақ жылу беру маусымына дайындық пен осы кезеңдегі энергетикалық қауіпсіздікті сақтау мақсатында ықтимал дүрбелеңді алдын алу үшін қолға алынды.

Бұл шектеуге сәйкес:

  • тас көмір, брикеттер, түйіршіктер және қатты отынның ұқсас түрлері, көмірден алынған – тас көмір, шаңды көмір немесе шаңсыз, бірақ агломерацияланбаған (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының ТН ВЭД 2701 коды бойынша);
  • гагаттан басқа агломерленбеген немесе көміртексіз лигнит немесе қоңыр көмірді 6 ай мерзімге автомобиль көлігімен шығаруға тыйым салынды (ТН ВЭД 2702).

Осы уақытша енгізіліп отырған шектеу биыл 22 ақпанда өткізілген Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қолдау тапты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ақша да жоқ, жер де жоқ»: Шымкенттегі жер дауына қатысты былыққа кім кінәлі?
11.05.2025ж. 11:31

«Ақша да жоқ, жер де жоқ»: Шымкенттегі жер дауына қатысты былыққа кім кінәлі?

Несиегерлердің міндеттемелерін орындамауына байланысты банк 2024 жылғы 12 наурызда жер учаскелерін аукционға шығарады
Бұл келісім Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жүзеге асқан
Аяқ киім өндірісі Қазақстанда мүлде дамымаған сала болып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →