×

Смайылов «Алтын Орда» базарындағы заң бұзушылықтарды жоюды талап етті

Базарда 300-ден астам ҚР заңнамасы нормаларын бұзушылықтар анықталды

Смайылов «Алтын Орда» базарындағы заң бұзушылықтарды жоюды талап етті
Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Премьер-министр Әлихан Смайылов "Алтын Орда" базарында анықталған барлық заң бұзушылықтарды жоюды талап етті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен, орталық мемлекеттік органдар, Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдіктері, Бас прокуратура, БҚДА, ҚМА және басқа да ведомстволар басшылары қатысқан кеңесте республикадағы ірі сауда орны "Алтын Орда" базары жұмысының өзекті мәселелері қаралды.

Базарда 5 мыңнан астам сауда орны бар, оған келушілер күніне шамамен 50 мың сатып алушыға жететіні атап өтілді. Базар Алматы қаласы мен Алматы облысындағы көкөніс, ет өнімдері мен жемістердің көтерме саудасының 40 пайызын және бөлшек саудасының 70 пайызына дейін қамтиды. Оған тауарды негізгі жеткізушілер отандық өндірушілермен қатар көршілес елдердің компаниялары.

Сонымен қатар күнделікті өнімнің үлкен ағынын ескере отырып, базарда аймақтық ауқымда бақыланбайтын олигополия құрылады. Бас прокуратура және мемлекеттік органдармен тексеру нәтижесінде санитариялық, ветеринариялық, экологиялық, су, еңбек, сәулет-құрылыс, өртке қарсы, салықтық бақылау, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау саласында 300-ден астам ҚР заңнамасы нормаларын бұзушылықтар анықталды.

Алматы облысы әкімдігінің деректері бойынша анықталған заң бұзушылықтар ішінара жойылды. Сонымен қатар кәсіпкерлер тарапынан бизнес жүргізуге қолайсыз жағдайлар туралы шағымдар саны артқан, бұл сайып келгенде тауарлар бағасының негізсіз өсуіне алып келеді.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр қолданыстағы заңнамаға сәйкес түбегейлі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Атап айтқанда, "Алтын Орда" базарының қызметін ретке келтіру және бағаны қалыптастыруда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық бақылауды ұйымдастыру, сондай-ақ оның аумағында барлық заң бұзушылықтар толығымен жойылғанға дейін прокуратура, ішкі істер органдары, БҚДА, ҚМА және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлерінен құралған тұрақты мобильдік топ құру тапсырылды.

Сонымен қатар Алматы агломерациясында сауда ағындарын теңестіретін және "Алтын Орда" базарының баға саясатына ықпалын азайтатын баламалы көтерме-сауда орталықтарын құру бойынша жұмыс жалғасады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда құны алтынмен тең цифрлық инвестициялық монета шығарылады
15.11.2024ж. 11:55

Қазақстанда құны алтынмен тең цифрлық инвестициялық монета шығарылады

Монеталар Астана халықаралық биржасының «TABYS» мобильді қосымшасы арқылы сатылады
KEGOC басқармасы 5 адамнан, ал директорлар кеңесі 7 адамнан тұрады
Бұл бизнесті жеңілдету және инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндігі беріледі
Олар тұрғындарды шетелде жаңа пәтер мен көлік сатып алуға қызықтырған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →