×

Бірінші жартыжылдықта ел экономикасы 5%-ға өсті

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі мәлімдеді

Бірінші жартыжылдықта ел экономикасы 5%-ға өсті
aa.com.tr

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5% құрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Биылғы бірінші жартыжылдықтың қортындысы бойынша, Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5% құрады. Оның ішінде нақты сектор 4,8%, қызмет көрсеу саласы – 4,9% өсті. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалды. Әсіресе құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс ең жоғары өсуді көрсетті», – деді миинстр.

Оның айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 13%, инвести-циялар ағыны көлік және қоймалауда – 57%, саудада – 32%, ауыл шаруашылығында – 22%, білім беруде – 21,5% сондай-ақ өнеркәсіпте – 10,9%, оның ішінде тау-кен өнеркәсібін-де – 11,4% өсті.

Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Абай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында байқалды.

«Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-мамырда сыртқы сауда тауар ай-налымы 8%-ке өсіп, 55,8 млрд долларды құрады. Экспорт 31,6 млрд долларды құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 3,8%-ке ұлғайып, 10,2 млрд долларға жетті. Тауар-лар импорты 24,2 млрд долларға жетті. Жалпы, оң сауда балансы 7,4 млрд долларға тең», – деді Әлібек Қуантыров.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға тағы келеді
Кеше, 12:16

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға тағы келеді

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Digital Bridge 2025 форумына қатысу үшін Қазақстанға келеді
Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған «eGov business» электронды порталын іске қосу жоспарланып отыр
Қазақстандық лоукостер FlyArystan жолаушыларға арналған дербес қызмет көрсету мүмкіндіктері кеңейтілген мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасын ұсынды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →