×

Үкімет 2025 жылға дейін көтерме және бөлшек саудадағы көлеңкелі айналымды 5%-ға төмендетуді жоспарлап отыр

Жоспарды Қаржылық мониторинг агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірледі

Үкімет 2025 жылға дейін көтерме және бөлшек саудадағы көлеңкелі айналымды 5%-ға төмендетуді жоспарлап отыр
inbusiness.kz

Қазақстан Үкіметі көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жоспарды Қаржылық мониторинг агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірледі. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Әлихан Смайылов қол қойды.

Жоспар салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге, тиімді бәсекелестік пен бюджетті бөлуге, халықты заңсыз бизнестен қорғауға және т. б. бағытталған жүйелі шараларды жүзеге асыруды көздейді. Атап айтқанда, іске асырылып жатқан шаралар кедендік тексерулердің тиімділігін арттыруға, кедендік рәсімдерді оңтайландыруға және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қосымша шаралар әзірлеуге мүмкіндік береді. Мәселен, 2025 жылға қарай көтерме және бөлшек саудадағы көлеңкелі айналымды 5%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр. 2022 жылы бұл көрсеткіш 6,7% болды.

Көлік және қоймалау саласында 2,4% (2022 жылы – 3,2%) көрсеткішке қол жеткізу жоспарланған. Жоспарды іске асыру бейресми жұмыспен қамтуды азайтуды және заңсыз әрекеттердің жолын кесуді көздейді.

Елдің ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін 2022 жылғы 36%-дан 2025 жылы 37,5%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Кешенді жоспар Президенттің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде әзірленді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда автомобиль өнеркәсібі өркендеп келеді
17.05.2025ж. 19:22

Қазақстанда автомобиль өнеркәсібі өркендеп келеді

2025 жылдың алғашқы төрт айында өндіріс көлемі 45 628 бірлікті құрады
Несиегерлердің міндеттемелерін орындамауына байланысты банк 2024 жылғы 12 наурызда жер учаскелерін аукционға шығарады
Бұл келісім Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жүзеге асқан
Аяқ киім өндірісі Қазақстанда мүлде дамымаған сала болып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →