×

Тоқаев "Бәйтерек" холдингінің басшысына тұрғын үй саясатын жетілдіруге бағытталған тапсырма берді

Президент сондай-ақ бизнестің ахуалын жақсартуды тапсырды

Тоқаев "Бәйтерек" холдингінің басшысына тұрғын үй саясатын жетілдіруге бағытталған тапсырма берді
akorda.kz

Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевты қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2023 жылдың І жартыжылдығындағы «Бәйтерек» холдингі қызметінің нәтижелері, соның ішінде кәсіпкерлерді, агроөнеркәсіп кешенін қолдау және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бастамалардың іске асырылу барысы туралы баяндалды.

Президентке ұсынылған мәлімет бойынша ірі бизнесті қаржыландыру көлемі 114,4 млрд теңге. Холдинг «Даму» қоры арқылы шағын және орта бизнесті дамытуды белсенді қолдайды. Қор 15 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсетті.

Жыл басынан бері «Отбасы Банкі» 29 мың отбасының баспаналы болуына көмектескен. Банк баспананы жалға беруді субсидиялау бағдарламасына да белсенді қатысып келеді. Бағдарлама аясында І және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларды, жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көпбалалы отбасыларға қайтарымсыз мемлекеттік қолдау көрсетілді. Бірінші жартыжылдықта аталған бағыт бойынша 9 мыңнан астам өтінім мақұлданды.

Сондай-ақ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жыл басынан бері 271 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 9 мыңға жуық фермерге қолдау көрсетілгені туралы хабарланды. Биыл 3,5 млн гектар жерге егін егілді. Бұл – еліміздегі барлық егіс алқабының 15 пайызы. Азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және импортқа тәуелділікті төмендету үшін ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды несиелендіруге 131 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Аграрлық секторды қаржыландыру көлемінің 70 пайыздан астамы «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ға тиесілі.

Кездесу соңында Президент бизнестің ахуалын жақсартуға және әлеуметтік тұрғын үй саясатын жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мен құзіретті емеспін – министр Яндекс таксидің баға саясатына араласа алмайтынын айтты
19.08.2025ж. 17:11

Мен құзіретті емеспін – министр Яндекс таксидің баға саясатына араласа алмайтынын айтты

Үкімет отырысында журналистер Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтан Яндекс таксидің монополиясын тоқтататын шаралар қабылдана ма деген сұрақ қойды
Джевдет Йылмаз мырза Түркияға инвестиция салғаны үшін ризашылығын білдірді
Танымал онлайн сервистің логистикалық орталықтары қалай жұмыс істейді  
Жобаның инфрақұрылымын дамытуға облыстық бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →