×

Қытаймен шекарадағы өткізу пункті жөндеуге жабылады

18-20 тамыз аралығында

Қытаймен шекарадағы өткізу пункті жөндеуге жабылады
Gov.kz

Қытаймен шекарадағы «Бақты» өткізу пункті бірнеше күнге жабық болады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жыл басынан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кедендік шекарасының Қазақстан бөлігінде орналасқан өткізу пунктерін жаңарту және техникалық қосымша жарақтандыру жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Бақты» автомобиль өткізу пункті қайта жаңартылуда.

Жұмыстарды жүргізу кестесіне сәйкес 18-20 тамыз аралығында сумен жабдықтаудың сыртқы желілерін төсеу жоспарланған. Су желілері өткізу пунктінің автомобиль жолы арқылы өтетіндіктен, аталған күндер аралығында кеден бекеті көлік құралдары үшін жабық болады.

««Бақты» өткізу пункті 2023 жылғы 21 тамызда штаттық режимде ашылатыны жоспарланып отыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген комитет мәліметінде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жергілікті қор нарығының проблемасы қандай?
02.05.2024ж. 10:10

Жергілікті қор нарығының проблемасы қандай?

Кездейсоқтық па әлде басқа ма, әйтеуір біз қазақстандық инвест банктер өзін жақсы сезінетінін байқаймыз
Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қаланы қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шықты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →