×

2024 жылы зейнетақы мөлшері қалай өседі

2024 жылы зейнетақы мөлшері қанша болмақ

2024 жылы зейнетақы мөлшері қалай өседі
Фото: ашық дереккөзден

2024 жылы зейнетақының қандай түрлері және оларды қаншаға арттыру жоспарланып отыр? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында айтылғандай, жасына және еңбек өтіліне байланысты зейнетақы төлемдері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы белгіленген мөлшерде жыл сайын ұлғайып отырады.

«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес 2024 жылға арналған инфляция деңгейі 6-8 пайыз дәлізінде көзделгенін ескере отырып, «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында зейнетақы төлемдеріне қаражат бөлінді. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жасы мен еңбек өтілі олардың мөлшерін 9 пайызға ұлғайту ескеріле отырып қамтамасыз етіледі», – деді министрлікте.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 7 пайызға өседі.

«Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері белгіленген күнкөріс минимумының 60 пайызынан 65 пайызға, ең жоғары мөлшері 100 пайыздан 105 пайызға дейін өседі», – деді Еңбек министрлігінде.

2024 жылы Қазақстандағы зейнетақының ең жоғары және ең төменгі мөлшері қанша болады?

Бюджеттік заң жобасында 2024 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 57 853 теңге, ал ең төменгі базалық зейнетақы төлемі 28 215 теңге болады деп көрсетілген.

Жасы бойынша зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері 2024 жылы 152 295 теңгеге жетеді.

«Бұған қоса, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі қарастырылған, оның ең жоғары мөлшері 2024 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 105 пайызы, яғни 45 578 теңге болады. Зейнетақы төлемдерінің жалпы сомасы 197 873 теңге болады», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Кәсіпкер Әсем Ғалымқызы: Құрақ көрпемен әлем нарығын жаулаймыз
23.04.2024ж. 13:33

Кәсіпкер Әсем Ғалымқызы: Құрақ көрпемен әлем нарығын жаулаймыз

Әсем құрақ құрап қана қоймай, жамылғы мен махаббат көрпесін тігудің тың техникаларын жете меңгереді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →