×

Ұлттық банк Қазақстандағы базалық мөлшерлемені төмендетті

Базалық мөлшерлеме

Ұлттық банк Қазақстандағы базалық мөлшерлемені төмендетті
Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16%-дан 15,75%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мұндай шешімге келуге Ұлттық банктің болжамдарды жаңартуы, деректерді талдауы және инфляция тәуекелдерінің балансын бағалауы негіз болды.

«Жылдық инфляция белсенді түрде баяулап келеді. Алдағы айларда оның көрсеткіші бір таңбалы мәнге жетеді деп күтіледі. Қазанда айлық инфляция орташа тарихи мәндерге дейін баяулады. Сыртқы инфляциялық қысым орталық банктердің қатаң саясаты мен әлемдік азық-түлік бағасының төмендеуі аясында бәсеңдеп келеді. Алайда назар аударуды қажет ететін жекелеген факторлар мен тәуекелдер бар. Ішкі экономикада фискалдық ынталандыру, орнықты ішкі сұраныс, жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер тарапынан проинфляциялық қысым сақталып отыр», – делінген хабарламада.

Базалық мөлшерлеме бойынша, қабылданатын алдағы шешімдер нақты инфляция динамикасының оның болжамды траекториясына сәйкестігіне байланысты болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жасанды интеллекттің инвесторларға қандай пайдасы бар
Министр кәсіпкерлік кодекстің негізгі шартын еске салды
Қазір Үкімет түрлі режимдерді қарастырып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →