×

2024 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік төлемді кімдер алады

Келесі жылдан бастап жұмыскерлерге арнаулы әлеуметтік көмек енгізіледі

2024 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік төлемді кімдер алады
Фото: ашық дереккөзден

Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді әлеуметтік қорғаудың қосымша тетіктерін енгізу шеңберінде арнаулы әлеуметтік төлемдер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, бұл төлемдерді кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған 55 жасқа толған жұмыскерлер ала алады.

«Төлемді алудың негізгі шарты еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналыспау керек. Мұндай жағдайда жұмыскерлер үшін жұмысқа орналастыру шаралары ұсынылатын болады. Арнаулы әлеуметтік төлем төрт қаражат көзінен жүзеге асырылады. Атап айтсақ, республикалық бюджеттен 2 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы; зейнетақыға дейінгі аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде сақтандыру төлемі; жұмыс берушінің қаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде кәсіптік төлем; БЖЗҚ-дағы жинақтарды ескере отырып, зейнетақы төлемі. Жұмыскер зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алады», – деді ол.

Светлана Жақыпова тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары үшін оң нәтиже күтілетінін айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мектепке дайындық: RAMS QAZAQSTAN 500-ден астам баланы қуантты
29.08.2025ж. 21:05

Мектепке дайындық: RAMS QAZAQSTAN 500-ден астам баланы қуантты

RAMS QAZAQSTAN компаниясы әрбір баланың мектепке қуанышпен және ертеңгі күнге сеніммен баруға толық құқығы бар екені ерекше атап өтті
Үкімет отырысында журналистер Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтан Яндекс таксидің монополиясын тоқтататын шаралар қабылдана ма деген сұрақ қойды
Джевдет Йылмаз мырза Түркияға инвестиция салғаны үшін ризашылығын білдірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →