×

«Қара да тұр, керемет акциялар болады»: Автожурналист 2024 жылғы көлік бағасы жайлы айтты

Құтырған сатушылар аспаннан жерге түскен жыл!

«Қара да тұр, керемет акциялар болады»: Автожурналист 2024 жылғы көлік бағасы жайлы айтты
Ашық дереккөздерден

Автожурналист Олжас Оқас 2024 жылы Қазақстанда көлік бағасы арзандайтынын айтады, деп хабарлайды Qaz365.kz

– Құтырған сатушылар аспаннан жерге түскен жыл! 2023 жылы автонарық толықтай қалпына келді. Елімізде авторитейл 60 пайызға өсті. Бұл жаңа рекорд! Қазақстанда ешқашан мұнша машина сатылмаған. Биыл мемлекетімізде 200 мың жаңа көлік иесін тапты. Сатылған әрбір үшінші автомобиль Қытай маркасы. Жаңа брендтер қаптады. Соның арқасында бәсеке артқан. Тұтынушы диллерден жеңілдік талап етеді. Тиімді қаржылық бағдарламалар керек. Қара да тұр, көктемге дейін керемет акциялар болады. Өйткені толып тұр! Сатылмаған машиналар көп. Пандемияда бағасы 28 млн теңгеге дейін жеткен «Камридің» «көңіл күйі түсіп кетті», – дейді автожурналист өз сөзінде.

Олжас Оқас нақты статистика келтіріп, елде жеңіл көліктің орташа құны 2,3 пайызға төмендегенін айтады. Яғни орта есеппен ел азаматы автокөлікті 14 810 000 теңгеге сатып ала алады. Әдеттегідей, сұраныстағы маркалар қатарында «Хендай» мен «Шевроле», «Киа» көш бастап тұр. «Чери» мен «Тойота» оларды өкшелеп келеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Павел Дуров: Астанаға әйел іздеп келмедім
Кеше, 13:48

Павел Дуров: Астанаға әйел іздеп келмедім

Ол табандылықпен, толық беріле жұмыс істеу, жомарттықпен инвестиция салу және дамудың әр кезеңін терең ой елегінен өткізу қажеттігін атап өтті
Шығыс Қазақстанда «Altay Invest-2025» халықаралық форумы ашылды
Алдағы үш жыл ішінде Алматы облысында 110 гектар жерге алма ағашы отырғызылып, әйгілі апорт сорты қайта жаңғыртылмақ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →