×

Орталық Азияның экономикасы демографиялық өсімінен 3 есе артта келеді

Оның пайымынша, дәл қазір Орталық Азия елдеріне стратегиясын қайта бір пысықтап алу қажет

Орталық Азияның экономикасы демографиялық өсімінен 3 есе артта келеді
Azattyq Rýhy

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов Орталық Азияның демографиялық өсіміне экономикасының ілесе алмауы келешекте күтпеген қиындықтар туындатуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Мен Орталық Азия үшін стратегиялық белгісіздікті ең бірінші орындағы қатерге жатқызар едім. Бүкіл әлемде стратегиялық белгісіздік артып тұр. Менің ойымша, бұл базалық тенденция біздің өңірге де әсер етеді. Бұл жақсы ма, әлде жаман ба дегенге келсек, екіұдай мәселе. Өйткені, бір жағынан әлемнің жылдам өзгеріп жатқаны соншалық, бір ғана буынның басынан іргелі өзгерістер өтіп жатыр. Бұрын ондай өзгерістер жүздеген жылдарға созылатын», - дейді сарапшы.

Оның пайымынша, дәл қазір Орталық Азия елдеріне стратегияларын қайта бір пысықтап алу қажет.

«Біздің өңір үшін ең маңызды интеллектуалдық қатер өз қателіктеріміз бен мүмкіндіктерімізді қаншалықты дұрыс таразылай алғанымызда сияқты. Біз мынау құбылмалы әлемге экономикамызды, саяси жүйе мен қауіпсіздік жүйесін дұрыс бейімдей алдық па? Өз стратегияларымызды дұрыс таңдай алдық па? Егер дұрыс таңдап, бейімдей алмасақ, ертең күтпеген «қара аққулар» ғана емес, бұрыннан белгілі болған, бірақ ешкімнің елеуге мұршасы болмаған «сұры мүйізтұмсықтар» табын-табынымен қаптауы мүмкін. Тіпті біздің тұтас субьектілігіміздің мәселесі туындауы ықтимал. Бір ғана мысал, әлемдік ауқымда біздегі өңір халқының санын пайызға шаққанда 1 пайыз ғана болса, бүкіл экономикамыздың жиынтық салмағы 0,3 пайыз ғана. Яғни, экономика бойынша демографиялық өсімнен кемінде үш есе артта келе жатырмыз. Демек, қазірдің өзінде стратегияларымыз туралы ойлана бастау керек. Жалпы шикізат экспорттаушы модель аяқталып келе жатыр. Оның тиімсіз екенін түсініп отырмыз. Ол біздің ішкі өнімге ары кетсе 1-3 пайыз ғана үстеме қоса алатын шығар. Бұл дегеніміз жаңа құрылымдық реформалар жүргізу қажеттігін көрсетеді», - деді ҚСЗИ директоры.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
FlyArystan мобильді қосымшасын жаңартып, жолаушылар үшін қолайлы мүмкіндіктерді іске қосты
09.09.2025ж. 08:51

FlyArystan мобильді қосымшасын жаңартып, жолаушылар үшін қолайлы мүмкіндіктерді іске қосты

Қазақстандық лоукостер FlyArystan жолаушыларға арналған дербес қызмет көрсету мүмкіндіктері кеңейтілген мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасын ұсынды
RAMS QAZAQSTAN компаниясы әрбір баланың мектепке қуанышпен және ертеңгі күнге сеніммен баруға толық құқығы бар екені ерекше атап өтті
Үкімет отырысында журналистер Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтан Яндекс таксидің монополиясын тоқтататын шаралар қабылдана ма деген сұрақ қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →