×

Алматылық зейнеткерлер 20 тонна өнім жинады

“Агрокраудсорсинг” жобасы аясында 70 зейнеткерке жер учаскесі жалға берілген

Алматылық зейнеткерлер 20 тонна өнім жинады
inform.kz

“Агрокраудсорсинг” жобасы аясында қала зейнеткерлері ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіріп, саудаға шығаруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды qaz365.kz  тілшісі Алматы әкімдігінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

“Зейнеткерлерге, көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға егін егу үшін жер учаскелері берілген болатын. Бұл үшін тек қатысушылардың қиялы мен жұмысқа қабілеттілігі ескерілді. Ағымдағы жылдың басынан бері «Белсенді ұзақ өмір» орталығы жобаға қатысушылар үшін арайы көлік құралдарын да ұйымдастырды”, ‒ деді “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы” КММ директоры Сәуле Бекетаева.

Мереке концерттік бағдарлама, би билеу, қолөнер бұйымдарының көрмесі және таза ауада ыстық түскі асқа ұласты. Ал ең белсенді қатысушылар еңбектері мен мол өнімі үшін сыйлықтар мен құрмет грамоталарымен марапатталды.

“Агрокраудсорсинг” жобасы 2019 жылы пилоттық режимде іске қосылды. 2021 жылы зейнеткерлерге 6 гектардан тұратын 50 жер учаскесі жалға берілді. Биыл жобаға 70 адам қатысып үлгерді. Мақсат – егде жастағы азаматтардың еңбек белсенділігі мен материалдық жағдайын жақсарту.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда құны алтынмен тең цифрлық инвестициялық монета шығарылады
15.11.2024ж. 11:55

Қазақстанда құны алтынмен тең цифрлық инвестициялық монета шығарылады

Монеталар Астана халықаралық биржасының «TABYS» мобильді қосымшасы арқылы сатылады
KEGOC басқармасы 5 адамнан, ал директорлар кеңесі 7 адамнан тұрады
Бұл бизнесті жеңілдету және инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндігі беріледі
Олар тұрғындарды шетелде жаңа пәтер мен көлік сатып алуға қызықтырған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →