×

Жергілікті қор нарығының проблемасы қандай?

Кездейсоқтық па әлде басқа ма, әйтеуір біз қазақстандық инвест банктер өзін жақсы сезінетінін байқаймыз

Жергілікті қор нарығының проблемасы қандай?
Jusan Invest

Көп жылдардан бері Қазақстанда қызық бір сұрақ қойылып келеді: өте тартымды болса да неліктен экономика субъектілері қор нарығына лайықты түрде назар аудармай жүр? Жауабын тауып көрейік, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Расымен де, Қазақстан қор нарығында келесідей дүниелерді жүзеге асыруға болады: 

• Түрі мен түсіне қарамай кез келген акцияны алуға болады!

• Қаржы министрлігі мен Қазақстан Ұлттық банкінің мемлекеттік облигацияларына инвестициялау, репо операцияларына ақша салу.

• Керісінше, өз облигацияларын шығару арқылы ақша тарту.

• Тіпті, ол аз десеңіз, IPO өткізіп, бизнес мәртебесін көтеруге мүмкіндік бар.

Сонымен бірге, кәсіби инвесторлар арасында қор деп аталып кеткен қор нарығында келесідей мүмкіндіктер бар:

• Табыстың басым бөлігі салықтан босатылған.

• Әлемдегі ең төменгі комиссиялар биржаларға тиеселі.

• Ақша Мемлекеттік Орталық бағалы қағаздар депозитарийі немесе тәуелсіз кастодиан банкте (банк депозиттерімен мүлдем салыстыруға да келмейді) толығымен қорғалып, сақталады.

Бірақ бұл проблеманың ауқымы кеңірек сияқты. Мұндай жағдай Қазақстан экономикасының барлық сегменті болмаса да, басым бөлігінде байқалады. Журналистика, кино, музыка және туризм де бұдан кенде емес. Жергілікті сатып алушы ішкі тауар әлде қызметтің импорттық баламалары призмасымен бағаламайтын бір саланы болса да атап өтіңізші. 

«Бұл расымен де бір түрлі проблема! Мен қор нарығында 20 жылдан бері жұмыс істеймін және осы уақытқа дейін бір нәрсеге куә болып келемін. Отандық брокер жергілікті компаниялар мен инвесторларды қор нарығына әрең-әрең деп тартады. Ал негізінде нарықта бұл екеуі үшін көптеген мүмкіндіктер бар», - дейді Jusan Invest (JI) Төрағасының клиенттермен жұмыс бойынша орынбасары Бауыржан Төлепов. 

Бауыржан Төлепов

«Иә, әрине үнемі бұлай болған емес. Брокерлер цифрландыру, бөлшек инвесторларды нарыққа шақыру, компаниялардың IPO өткізу ісі бойынша соңғы жылдары айтарлықтай жетістіктерге жетті. Бірақ бұрын қор нарығындағы маржа қазіргімен салыстырғанда біраз жоғары еді», - деп атап өтті Төлепов.

Сарафандық радио зерттеуі белгілі бір деңгейде Қазақстандағы субъектілер банк жүйесінен тысқары қаржы өнімдеріне онша сенбейтінін дәлелдеді. Кейбір жағдайда оған тұрақсыз экономика себеп болса, енді бір жерде алаяқтардың кесірінен болып жатады. Әсіресе, Украинадағы соғыстан кейін бұл қарқын қатты күшейді. 

Қаржы қызметтерін пайдаланатын қарапайым тұтынушы бағыт-бағдарсыз қалады. Бірақ нарық қатысушыларының ойынша, субъектілердің жергілікті қор нарығына қатысты күмәні тым негізсіз дейді. Ал қызмет көрсету деңгейі халықаралық стандарттардан артта емес, ал кейбір жағдайда, тіпті басып озатын жерлері де бар. 

«Қазақстандағы брокерлік бизнес – лицензияланған. Барлық брокер Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бақылауында жұмыс істейді. Одан бөлек, бүкіл ақша мен инвестордың бағалы қағаздары орталық депозитарийде және шетелдік әлде жергілікті компания қағаздарына байланысты кастодиан банкте сақталатын ерекшелігі бар. Бұл қазақстандық брокерлерді кейбір шетелдік бәсекелестеріне қарағанда жақсы жағынан көрсетеді. Өйткені, олар коммерциялық банктер секілді клиенттердің қаражатын өздерінің ақшасымен араластырып, өз балансында ұстайды. Бірақ бұл жәйітті Қазақстанда барлығы бірдей біле бермейді», - дейді JI төрағасының бағдарламаларды әзірлеу бойынша орынбасары Леонид Югай. 

Леонид Югай

«Осыған қарамай, Қазақстандағы брокерлер қол еңбегі мен шығындарды азайтып, барынша көп қызметтерді цифрландырып, керемет маркет-плейс жасауды үйренді. Қазақстандық бағалы қағаз сатып алғыңыз келе ме? Мінекей, алыңыз. Эпл мен Гугл акциясы керек пе? Ақшасын төлеңіз де ала беріңіз. Сатып алу, есептеу сияқты амалдардың бәрі енді барынша адамның қатысуынсыз өтіп жатыр», - дейді Югай. 

Дегенмен, Jusan Invest Төрағасының орынбасары кішкене асыра сілтеп отыр: Қазақстандағы брокерлердің барлығы JI сияқты технологиялық деңгейге шыға қойған жоқ. Бұл олардың қолынан келмейтінінен солай болып отыр демейміз. Бизнестегі төмен маржа брокерлердің барлық ықтимал шығынын өтеуге мүмкіндік бермейді. Біреуі активтерді басқару жағынан әлсіз болса, басқасы қымбат тұратын бөлшек бизнес аналитиктерін штатта ұстамайды. Яғни, бөлшек инвесторлармен жұмыс істемейді деген сөз. Ал кейбіреуінде инвестициялық географияның шарықтауына мүмкіндік беретін бағдарламашылар бөлімі жоқ. 

Кездейсоқтық па әлде басқа ма, әйтеуір біз қазақстандық инвест банктер өзін жақсы сезінетінін байқаймыз. Инвест ұйымдар бір жағынан өзінің негізі болып саналатын коммерциялық банктерге арқа сүйей алады. Түрлі деңгейіндегі брокерлердің болуы жағымсыз фактор да болуы мүмкін екендігі белгілі болды - клиенттер корпоративтік веб-сайттар мен көптеген брокерлер кеңселерінің әдемі ауласында адасып қалуы мүмкін.

Бұл жағдайға Леонид Югайдың өзіндік көзқарасы бар: «Мен JI бағдарламаларды әзірлеу бойынша бас маман қызметін атқарып жүргеніме 5 жыл болды. Бүгінгі күнде Jusan Invest – бұл абсолютті әмбебап брокерлік компания деп сеніммен айта аламын. Біздің штатта көптеген бағдарламашылар, сарапшылар, клиенттермен жұмыс істейтін менеджерлер бар. Мен бұл жерге басқа да қолдау көрсететін бөлімдер туралы қоспай-ақ қояйын. Қарапайым мысал ретінде, күн сайын таңертең тікелей эфир өткізетін әрі клиенттеріміздің көңілінен шыққан «JI аналитика» атты телеграм арнамызды алайық. Біздің бас ұйымымыз Jusan Bank цифрландыру жолына түсіп, кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың кең ауқымына қызмет көрсетуі жағынан біздің жолымыз болды деп айта аламыз. Бұл, атап айтқанда, инвестициялық өнімдер үшін томаға-тұйық экожүйені құруға көмектесті. Брокерлік шот ашу және оны қолдану немесе банк шотынан брокерлік шотқа ақша аудару сияқты операциялар үшін клиенттер ешқайда төлем жасамайды! Негізінде, тек нақты жүзеге асқан операциялар үшін ғана төлейді».

Сонымен, проблеманың мәні қандай? Неліктен қор нарығы осы соңғы қадамды жасап, дамыған елдердегідей Қазақстан қоғамының да кәдімгі бір бөлшегіне айнала салмайды? Бұл сұрақтың жауабы ретінде эксперттер арасында халық пен кәсіпкерлердің қаржылай сауаты төмен деген нұсқа айтылады. Бұл мәселе шынымен де ішінара осылай түсіндірілетін сияқты.

Клиенттермен жұмыс бойынша басқарушы директор Жәмиля Сәрсенбаева былай дейді:

«Қазақстанда соңғы жылдары ұлттық компаниялар үш ірі IPO өткізді. Олардың қатарында ҚазМұнайГаз, KEGOC, Air Astana бар. IPO – бұл акцияларды жария орналастыру. BI Group сияқты көптеген танымал компаниялар табысы жоғары облигациялар шығарады. Jusan Invest – ең ірі брокерлердің бірі ретінде мұндай орналастырудың ұйымдастырушысы ретінде кең маркетингдік кампанияларды іске асырады. Бірақ адамдар бұл оқиғаларды естімегенін үлкен таңданыспен біліп жатамын. Немесе олар мұны естісе де бұған күмәнмен қарайды! Дегенмен, қор нарығы сөзсіз жұмыс істейді: 2023 жылы KASE акцияларының индексі шамамен 29%-ға, ал биыл жыл басынан бері тағы 19%-ға өсті!».

«Немесе тағы бір мысал», - дейді Сәрсенбаева – «Кәсіпкерлер депозит ашу әлде несие алу үшін тек коммерциялық банкерге ғана барады. Бірақ өзіңді шектеудің не қажеті бар? Қор нарығы расымен де лайықты баламалар ұсына алады: депозиттер орнына – Қазақстанның мемлекеттік облигациялары, АҚШ трежеристері, түрлі корпорациялардың бондтары, Ұлттық банк ноталары, репо операциялары. Бұлжерде пайыздық мөлшерлемелер банк депозиттеріненжоғары, ал көбінесе әлде қайда жоғары келеді. Өз кезегінде, несиелердің орнына кепілдік қоюдың қажеті жоқ және негізгі қарызды өтеу облигацияның айналым мерзімінің соңында жүзеге асырылатын қағаздар шығарылымы бар! Өйткені, бізде жеке тұлғаларға арналған тамаша мобильді қосымша, ал заңды тұлғалар үшін десктоп нұсқа жұмыс істейді!». 

Қаржылай сауаттылықтың төмендігі басқа салаларда да байқалып жатыр. Цифрларды басқа қырынан көрсетейік: Қазақстанда зейнетақы жинақтарының жартысын жеке басқарушы компанияларға (бұлардың арасында Jusan Invest те бар) беруге болатын мүмкіндік барына бір жылдан асты. Зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі 18 трлн теңгеден жоғары, бірақ еліміздегі ең ірі брокерлердің біріне қазақстандықтар тек 8 млрд-ақ теңге аударған. Енді салыстырыңыз: жеке компанияларға басқаруға беруге болатын 9 трлн теңге ақшаның тек 8 млрды ғана аударылған. 

JI Төрағасының активтерді басқару бойынша орынбасары Нұрлан Ашинов былай деп пікір білдіреді: 

«Зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруға беруге қатысты шешімді салымшының өзі қабылдауы керек. Былтыр жүзеге асқан өзгерістердің арқасында енді салымшылар жинаған ақшасының жарты бөлігін инвестиция үшін жұмсауға мүмкіндік береді. Бұл расымен де керемет! Біріншіден, салымшы активтерін әртараптандыру мүмкіндігіне ие болады. Былайша айтқанда, жұмыртқалардың бәрін бір себетте ұстамайды. Екіншіден, басқарушы компанияның инвестициялық стратегиясы өзгеше болуы мүмкін және әр салымшы өзі ұнатқан стратегияны таңдай алады. Мысалы, Jusan Invest туралы айтатын болсақ, бізде портфель құрлымы келесідей жасалған: біз портфельдің 40% валюталық активтермен толтырдық. Менің ойымша, девальвация жиі орын алатын және тауарлардың көпшілігінің құны шетел валютасының бағамына тәуелді елде бұл ұзақ мерзімді дұрыс инвестициялау тәсілі. Мен аудару техникасында ешқандай қиындық көріп тұрған жоқпын: сіз БЖЗҚ сайтына кіресіз және қарапайым үш қадаммен зейнетақы жинақтарын жекеменшік басқаруға бересіз».

Нұрлан Ашинов

Ашинов инвестициялық пай қорлары нарығына қатысты да пікір білдірді:

«Қажетті деңгейде сұраныстың болмауы инвестициялық пай қорларында да байқалады. Мысалы, біздің маңдай алды қорларымыздың бірі harMONEYдолларлық құралдар мен сенімді облигацияларды қамтиды. Былтыр 20% табыс көрсетті. Егер девальвация болғанда табысы бұдан да жоғары болушы еді. Шынымызды айтсақ, біз қазақстандық инвесторларды көбірек көргіміз келді. Себебі олар табыс салығы мен брокерлік комиссия да төлемейді». 

Бір түрлі болып көрінуі мүмкін, бірақ тағы бір проблема қазақ тіліне қатысты. Бірақ мұнда бәрі орынды деп ойлаймын. Қазақстан қоғамының белгілі бір бөлігі қызметтерді қазақ тілінде алғысы келеді және оны талап етеді. 

«Не себепті екенін білмеймін, бірақ қор нарығы үнемі орыс тілінде сөйлеп келді. Ұлттық компаниялардың соңғы айпиолары қалай өткеніне назар аударыңыз. Әсіресе, Қазақстанның батысы мен оңтүстігін алайық. Негізінен таратылуға арналған қағаздар және басқа да контент орыс тілінде берілді. Ал жұрт қазақ тілінен басқа тілде ақпарат қабылдай алмайтын еді. Кейбір жерде Украинадағы жағдай қайталанды. Басқасын қайдам, бірақ Жусан бұған да дайын болып, өз жұмысын қалыпты деңгейде атқарды. Мен сияқты жігіттер жағдайды ақырындап өзгертіп жатыр!» - дейді жеке тұлғалармен жұмыс Басқармасының бастығы Айдос Оразов. 

Оразов пікірін келесідей жалғастырды: «Барлық мәселе мынада: Jusan Invest осы барша айпиоға дейін сөз жүзінде емес, іс жүзінде қазақ тілі мен ESG назар аударды. Қазақ тіліндегі телеграм, қазақша инстаграм бар. Біздің колл-орталық қазақ тіліне негіз беріп, екі тілде қызмет атқарады. Иә, басында колл-орталық бөлшек инвесторларға бағытталған еді, бірақ қазір жағдай өзгеріп жатыр. Жалпы, жуық арада көресіздер. ESG-ге қатысты компания әлдеқашан электронды құжат айналымына көшті, қағаз бен принтерлерді кеңседен алып тастады және жыл сайын жүзеге асыратын жасыл мақсаттары бар құжатты қабылдады (мысалы, ағаш отырғызу)». 

Ән тыңдағымыз келеді бірақ оны алдымен батыс сервистерінде іздейміз бе? Отандық фильмдер орнына америкалық киноларды көресіз бе? Бүгінгі күннің жаңалықтарымен танысу үшін шетелдік ақпарат агенттіктерін ақтарамыз ба? Әлде турларды алдымен Қазақстан бойынша іздемейміз бе? Белгілі бір деңгейде шектеулер бар. Бірақ қор нарығы көрсеткендей, бұл кедергілер ақырындап жойылып келеді. Проблеманы қысқа әрі нұсқа сипаттайтын болсақ: мәселе адамдардың санасында жатыр. 

«Біз JI Қазақстандағы ірі коммерциялық банктердің табысының көлеңкесінде болып жатқан, көпшіліктің назарынан тыс қалған цифрландыруды қоса алғанда көп жұмыс атқарып жатырмыз. Клиенттер өз транзакцияларында жақсырақ валюта бағамдарына ие болуы үшін біз қазір валюталық лицензия алу үстіндеміз» - дейді Jusan Invest Басқарма Төрағасы Тимур Салимов. 

Тимур Салимов

«Компанияда жұмыс істеп жатқаныма бір жыл болды. Ұйымдық құрылымды өзгерттім, маңызды қызметкерлерді Басқарма мүшесіне дейін көтердім, басты емес мәселелерден акцентті алып, бірінші орында тұруы тиіс мәселелерге бердім. Бұл істе расымен де маржа онша көп емес. Әмбебап және табысты болу үшін өте жауапты шешімдер қабылдау керек» - екенін атап өтті Салимов. 

«Әрине, біз қор нарығы банк банк депозиті сияқты емес екенін түсінеміз және оған белгілі бір деңгейде дайындық керек. Бірақ, адамдар тәуекелдерді асыра бағалап жатқанын да байқаймыз. Шындығында бәрі оңай. Қаржылай сауаттылықты арттыру бойынша жұмыс атқарып жатырмыз: біздің мобильді қосымшада Jusan Академияның ғажап модульдері бар. Ол жерде кез келген адам бағалы қағаздар нарығындағы өз білімін арттырып, базалық инвестордан кәсіби маманға айналуы мүмкін».

«Бірақ мені таңдандырғаны мынау: бөлшек сауда отандық қор нарығына белсенді түрде ене бастаған сияқты. Өйткені, бізде «Эйр Астананың» соңғы супер табысты IPO-сы сияқты мысалдар бар. Алайда, қаржылай сауатты болып саналатын заңды тұлғалар көбіне өздеріне берілген қаржылық және инвестициялық қызметтердің ауқымын елемейді! Тақырыптан сәл шегініс жасап, түрлі компанияларды өзара тиімді ынтымақтастыққа шақыруға рұқсат етіңіз. Барлық контактілерді біздің корпоративтік веб-сайтымыздан таба аласыз. Жоқ дегенде бір шыны кофе ішуге келіңіз. Біз сізді құшақ жая қарсы аламыз!».

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда құны алтынмен тең цифрлық инвестициялық монета шығарылады
15.11.2024ж. 11:55

Қазақстанда құны алтынмен тең цифрлық инвестициялық монета шығарылады

Монеталар Астана халықаралық биржасының «TABYS» мобильді қосымшасы арқылы сатылады
KEGOC басқармасы 5 адамнан, ал директорлар кеңесі 7 адамнан тұрады
Бұл бизнесті жеңілдету және инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндігі беріледі
Олар тұрғындарды шетелде жаңа пәтер мен көлік сатып алуға қызықтырған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →