×

«Бизнесім суға кетті»: кәсіпкерлерге залалды өтеу бойынша төлемдер аударыла бастады

Мүліктік шығындарды толық көлемде өтеу туралы бір ауыздан оң шешім қабылданды

«Бизнесім суға кетті»: кәсіпкерлерге залалды өтеу бойынша төлемдер аударыла бастады

Отандық бизнеске келтірілген залалды өтеу бойынша алғашқы төлемдер Қостанай облысынан басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Су басқан өңірлерде жағдай тұрақтанып келеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, бизнеске келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 27.1 млрд теңгені құрайды.

Қостанай облысының өзінде мүліктік шығынды өтеу үшін шамамен 50 бизнес субъекті өтінім қалдырған. Соның ішінде екі өтінім шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындардың өтемақысын айқындау жөніндегі өңірлік комиссияның отырысында мақұлданды. Бұл комиссия «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған.

Комиссия өкілдері «Сырлыбаева Ж.С.» жеке кәсіпкерлігі және «Дорофеева Ж.С.» жеке кәсіпкерлігіне қатысты мүліктік шығындарды толық көлемде өтеу туралы бір ауыздан оң шешім қабылдады.

«Су тасқыны менің бизнесіме залал келтірді. Біз макулатураны престеумен айналысамыз. Мен «Атамекен» палатасына жүгініп, көмекке қол жеткіздім. Өтемақыға өтініш бердік, артық сұрақтарсыз толық көлемде мақұлданды. Енді кәсібімізді жалғастыра аламыз», - дейді өтінім беруші.

Айта кетейік, жағдайды жан-жақты қарау, сондай-ақ ықтимал даулы оқиғаларды болдырмау үшін (шешім немесе сомамен келіспеу) зардап шеккен өтініш берушілер өңірлік комиссияның әр отырысына шақырылады.

Қалған бизнес субъектілері Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік комиссиясына өтініш беру үшін растау құжаттамасын дайындап жатыр. Комиссия отырыстары өтініштердің келіп түсуіне қарай өтетін болады. Қағидаларға сәйкес, ақшалай қаражат егер жеткілікті қаржыландыру болса тиісті шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде аударылады. Қаражат мүлік иесінің өтемақы туралы өтінішінде көрсетілген ағымдағы немесе жинақ шотына аударылады.

Сонымен қатар Қостанай облысы су тасқынынан зардап шеккен оңтүстік өңірлердің тұрғындарына жан-жақты көмек көрсетуге белсенді атсалысып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда жаңа банк пайда болады
12.06.2024ж. 17:30

Қазақстанда жаңа банк пайда болады

Президент мәдени-гуманитарлық байланысты күшейтуге де баса назар аударылғанын айтты
Бизнестегі алғашқы қадамдар: Алматыда Zhasproject байқауының жеңімпаздары марапатталды
 Қойнауы қазба байлыққа толы сондай өңірдің бірі Аягөз ауданы, Ақтоғай кентінің маңындағы тау-кен өндірісі
Жауапкердің өзі бұл жағдайдың түсініспеушілік салдарынан туындағанын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →