×

Несие алатын адамнан банк менеджері нені сұрауға міндетті

Несие аларда банк менеджерінен нені талап ету керек

Несие алатын адамнан банк менеджері нені сұрауға міндетті
Фото: ашық дереккөзден

Несие аларда банк менеджерінен нені талап ету керек? Бұл туралы ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ телеграм-арнасы жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мынадай аннуитеттік жолы бар, егер таңдасаңыз, ай сайын 50 мың теңгеден төлеп тұрасыз. Осы кестені таңдайсыз ба? Болмаса, тең бөліп төлеу деген бар. Ол жерде 65 мың теңгеден басталады, әр ай сайын 1 мың теңгеге төмендеп отырады. Қай нұсқаны таңдайсыз?» деп сұрауы керек. Бірақ біздегі қаржы менеджерлері алдына келіп отырған азаматтың ондай білімі жоқ екенін біліп отырады да, сұрамайды. «Мына жерге галочка қоя салыңыз» дейді. Оған клиентке аннуитеттік жолды таңдатқан тиімдірек. Өйткені банк ол жерде көбірек несие пайызын ұсынады.

Тіпті, біздің азаматтарымыз да, әсіресе, үлкендер аннуитеттік жолды ыңғайлы көріп, әлгі 65 мың ай сайын қанша болады, соны кестеге қарап есептеп жүрем бе, маған мынау ыңғайлы, 50 мың теңгеден төлей берейін деп сол шешімді қабылдай салады. Бірақ 200-300 мың теңгеге автоматты түрде жеңіліп жатқанын білмейді. Осындай қарапайым дүниелерді білетін болса, қаржылай сауатты азаматтарымыз өз құқығын қорғай алар еді.

Кредиттік өнімдерде жасырын пайыз бар ма?

Несие туралы, оны қалай тиімді алу жолдары туралы, қандай пайыздық мөлшерлемелердің түрі бар, тиімді (эффективный) пайыздық мөлшері болады, жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеме, атаулы пайыздық мөлшерлеме – осы жайында ақпарат біліп жүрген дұрыс.

Несие аларда келісімшартқа қарау, қандай пунктері бар, көп жерде «жасырын пайыздар бар» деп айтып жатады. Ешқандай да жасырын пайыздар жоқ. Оның барлығы сол келісімшартта көрсетіледі.

«Жасырын пайыз» деп айтып жүргендері – комиссия. Ол банк ұстап қалатын әртүрлі комиссиялар. Мысалы, шотты ашқаны үшін, оны шешіп алғаны (обналичивание) үшін деген сияқты көптеген комиссиясы бар. Соның бәрін біліп алған жақсы.

Несие аларда банк менеджерінен нені талап ету керек?

Мысалы, кейбір банктерде сондай комиссия тұрады – 7%, 8%. Сіз несиеге 1 млн теңге алсаңыз, келісімшартқа «1 млн теңге алды» деп жазылады да, пайыздары сол 1 млн теңгенің үстінен жүреді. Бірақ әлгі комиссияның күшімен 70 мың теңге ұстап қалады да, қолыңызға 930 мың теңге ғана түседі дегендей.

Сонда белгілі бір дәрежеде комиссияның түрлеріне байланысты, оның заңды-заңсыз немесе алып тастауына байланысты өз құқығыңызды білсеңіз, соның бәрін банкке барғанда менеджерден талап ете аласыз. Осындай-осындай талаптар бар, пайыздарыңыз қанша дегенде 16% десе, ал жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемеңіз қанша, эффективная ставканы айтыңыз деп нақты сұрасаңыз, қаржы менеджерінің өзі сізбен басқа тілде дұрыстап сөйлесе бастайды. Сондықтан ол сіздің қаржылай сауатты болуыңыздың маңыздылығын көрсетеді.

Бұл пікірді @qarzhylyq_sauat-қа берген сұхбатында экономист Мақсат Халық айтқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Мәжіліске келіп түскен жобада ставкаларды саралау көзделеді
Қазақстандағы халқы ең көп облыста өндірістің түр-түрін таңдап, дөңгелетіп әкеткендер баршылық

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →