×

20 жас алматылық өз бизнесін дамытуға 1 млн теңгеден алды

Бизнестегі алғашқы қадамдар: Алматыда Zhasproject байқауының жеңімпаздары марапатталды

20 жас алматылық өз бизнесін дамытуға 1 млн теңгеден алды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы Алатау ауданының комьюнити орталығында Zhasproject жобасы аясында шағын гранттар конкурсының жеңімпаздарына номиналы 1 000 000 теңге болатын сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жоба NEET санатындағы жастардың бастамаларын қолдауға және жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

2024 жылғы байқаудың қорытындысы бойынша Алматыда 20 жеңімпаз анықталды, олар маусым айында әлеуметтік жобаларды іске асыруға кіріседі. Грант қаражатына олар қаржыландыру аяқталғаннан кейін жас кәсіпкерлерде өз жобаларын кейіннен іске асыру және дамыту үшін ажетті жабдықты сатып ала алады.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен және «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігімен бірге іске асырылуда.

Zhasproject жобасының қаржылық қолдауының арқасында 18 бен 34 жас аралығындағы жұмыссыз жастар өз бизнесін ашып, кәсіпкерлікте алғашқы қадамдар жасап, қоғамның дамуына өз үлестерін қоса алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісуда жаңа зауыттар ашылмақ
29.03.2025ж. 14:14

Жетісуда жаңа зауыттар ашылмақ

Бұл жобалар жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады
Өзбекстаннан аталған маркетплейс 2024-жылы 10 миллион доллардан астам қаржы шығарған
FLYING AUTO – Қазақстандағы Changan-ның үш негізгі бренді: Changan NEVO, Deepal және Avatr-дың ресми дистрибьюторы
Отандық өнімдердің 3300-ден астам тізбесі әзірленген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →