×

«Нақты адамдарға сұрақ бар»: белгілі кәсіпкер Барысов көлігіне біреулер оқ атқанын ашық айтты

Қазір кәсіпкердің өзі отбасымен шетелде жүр

«Нақты адамдарға сұрақ бар»: белгілі кәсіпкер Барысов көлігіне біреулер оқ атқанын ашық айтты
Скриншот видео

Әлеуметтік желіге белгілі кәсіпкер, елде бронимашина шығаратын зауытымен танымал Айбек Барысов бейнкүндеу жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ассалаумағалейкүм , достар! Мен осы рилсті жазайын деп шешім қабылдадым. Өйткені Қазақстанда көп өсек болып жатыр дейді. Қоңырау шалып, жазып жатыр. Өткенде сториске алдыңғы терезеге оқ тигенін жазып едім ғой. «Содан қорқып қашып кеттің бе» дейді. Жоқ! Бұл жоспарлаған демалыс. Жұмыс сапары. Мен жұмыс сапарымен жүрмін отбасыммен. Екі ай бұрын жоспарлап, бәрін сатып алып қойғанбыз. Сол үшін келдік. Мен ешқашан қашпаймын. Аллаға шүкір. 24-де өз еліме қайтам. Нақты сұрақтар нақты адамдарға бар. Жауаптары болмаса шекелеріне шегелейтіндей жағдай болып тұр. Сол үшін ассалаумағалейкүм! Барыс ешкімнен қорықпайды, жігіттер!» - дейді Айбек Барысов.

Айбек Барысов Қазақстандағы қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы. Kazakhstan Paramount Engineering компаниясының негізін қалаушы. Бір кездері «Alliance group» компаниясын басқарған. Оның зауыты Қазақстанда бронимашина шығарады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға тағы келеді
Кеше, 12:16

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға тағы келеді

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Digital Bridge 2025 форумына қатысу үшін Қазақстанға келеді
Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған «eGov business» электронды порталын іске қосу жоспарланып отыр
Қазақстандық лоукостер FlyArystan жолаушыларға арналған дербес қызмет көрсету мүмкіндіктері кеңейтілген мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасын ұсынды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →