Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Алматыда ерекше мәдени шара — «Алтын сандықшаның құпиясы» атты комикстің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Тұсаукесерге автордың достары Арман Исағалиев пен Мадияр Мұсылманов, сондай-ақ комиксті шығаруға ат салысқан суретші Марат Көмеков пен «Khancomics» баспасының редакторы Оразхан Жақұп қатысты. Олар комиксті жасау барысындағы қызықты жайттармен және өздерінің шығармашылық ізденістері мен шабыттары туралы ойларымен бөлісті.
«Бұл кеш комикс жанкүйерлері мен қала мәдениетінің қалың қауымы үшін нағыз мереке болды. «Алтын сандықшаның құпиясы» комиксі отандық әдебиет пен өнер әлеміне жанашырларға, әр жастағы оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды деген үміттеміз», – деді мәдени кешті ұйымдастырушылар.