×

Қазақстандықтардың әлемдік деңгейдегі туындыларды ана тілінде көру құқығы ескерілмей отыр – Айгүл Қапбарова

Ақша бола тұра екі жылда шетелдік фильмдер дубляжданбаған

Қазақстандықтардың әлемдік деңгейдегі туындыларды ана тілінде көру құқығы ескерілмей отыр –  Айгүл Қапбарова
Сурет: parlam.kz

Голливуд фильмдерін қазақ тіліне дубляждауға бөлінген 443 млн теңге игерілмей қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
  
Бүгінгі Сенат отырысында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов 2023-2024 жылдары шетелдік фильмдерді қазақ тіліне дубляждауға бөлінген 443 миллион теңге игерілмей, бюджетке қайтарылғанын айтқан.

Осыған орай Сенаттың жалпы отырысында депутат Айгүл Қапбарова шетелдік фильмдерді қазақ тіліне дубляждау жөнінде сұрақ қойып, реніш білдірді.

"Бюджеттен жыл сайын шетелдік 15 фильмді қазақ тіліне дубляждауға мемлекеттік қолдау арқылы шамамен 443 млн теңге бөлінеді. Келер 2025-2027 жылдары дубляжға осы сомада қаражат ескерілген. Алайда 2023-2024 жылдары аталған қаражат игерілмей, бюджетке қайтарылды. Яғни екі жылда шетелдік фильмдер дубляжданбаған. Бұл ретте көрерменнің әлемдік деңгейдегі туындыларды ана тілінде көру құқығы ескерілмей отыр. Атап айтқанда, қаражаттың бюджетке қайтарылуы себебі неде?" – деп сұрады сенат депутаты.

Осы олқылықтың орны алдағы уақытта толықтырылып, әлемдік үздік фильдер қазақ тіліне көптеп аударылады деп сенім білдірді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекеттік кеңесші Түркістанда өтіп жатқан халықаралық симпозиумның ашылуына қатысты
15.05.2025ж. 16:22

Мемлекеттік кеңесші Түркістанда өтіп жатқан халықаралық симпозиумның ашылуына қатысты

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи мұрасына арналған халықаралық симпозиум өтуде
Депутат Әшімжанов жасанды интеллект туралы заң жобасын қорғаған депутат Екатерина Смышляевадан осы бағытты жан-жақты саралаған-сараламағанын сұрады.
Ершов елді мекенінде бұрын-соңды мәдениет ошағы болмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →