×

Абай облысында Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды

Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасы аса бай

Абай облысында Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Семейде ойшыл, ақын, аудармашы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, депутаттар, ғалымдар, абайтанушылар, қоғам белсенділері мен облыс тұрғындары қатысты.

Шәкәрім Құдайбердіұлына арналған ескерткіштің ұзындығы – тұғырымен қоса алғанда 7,7 метр. «Шәкәрім Құдайбердіұлы» атты  мүсіндік композициясы қоладан құйылып, тұғыры тұтас граниттен жасалған. Бұл композиция арқылы мүсінші Шәкәрімнің данышпан бейнесін оң қолына кітап, сол қолына тасбих ұстату арқылы бейнелеп көрсетті. Ескерткіш авторы – Нұрбол Қалиев. Өнер туындысы Шәкәрім даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысына қойылды.

Ескерткіштің ашылуына орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау хат жолдады. Хатты салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев оқып берді.

Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасы аса бай. Ол поэзия, проза, аударма, тарих саласында жұмыс істеп, Абай дәстүрінде демократтық-халықтық, гуманистік-халықтық бағыт ұстанған. Оның шығармашылығы қазақ әдебиетінде Абай идеяларын жалғастырушы реалистік дәстүрді қалыптастырды. Оның мұрасының тек қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл түркі және шығыс мәдениеті үшін маңызы зор.

Ескерткіштің ашылу салтанатының Тәуелсіздік күні қарсаңында өтуінің символдық мәні бар. Өйткені Шәкәрімнің рухани мұрасы азаттық пен тәуелсіздік тақырыбымен үндес.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Анадолы жүрегі: Битлис, Сиирт, Муш және Батман – түркі тарихының мәңгілік ізі
Кеше, 16:44

Анадолы жүрегі: Битлис, Сиирт, Муш және Батман – түркі тарихының мәңгілік ізі

Хасанкейф – мыңдаған үңгірлер, өзен үстінен салынған көпірлер, патшалар сарайы, мешіттер мен мазарлар мекені
Қонақтар оқушылардан құралған шығармашылық ұжым сахналаған Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаянына құрылған көрініс пен ансамбль мүшелерінің концертін тамашалады
Депутаттың айтуынша, соңғы уақытта «күлкі үшін шектен шығатын» блогерлердің саны көбейген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →