×

Дулат Исабеков марқұм Мұхтар Мағауиннің аруағынан кешірім сұрады

Дулат Исабеков марқұм Мұхтар Мағауиннің аруағынан кешірім сұрады
Экспресс К

Жазушы, драматург Дулат Исабеков 85 жасқа қараған шағында өмірден өткен Мұхтар Мағауиннің жақындарына көңіл айтып, марқұмның аруағынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz 

Бұл туралы белгілі жазушы «Хабар» арнасына «7 күн» сараптамалық бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

Мұхтар Мағауиннің қазасын естігенде отырып қалдым. Ойпырым-ай, кеше ғана сау адам сияқты еді, екеуіміз айтысып жүр едік қой. Бұл қалай болғаны? Тіршілігіңде өлмейтіндей жүреді екенсің. Қайтыс болады деген ойымда жоқ еді. Кейде Мұхаңды Әй, менен кейін қайтыс болатын шығар» деп ойлайтынмын. Ал айналайын, Мұха! Артық айтып қойған болсам, әруағың кешірсін. Артық айтқан ешнәрсем жоқ сияқты деп ойлаймын. Егер де солардың бірін артық деп санасаң, кешірім сұраймын! Қазақ халқы үшін үлкен олжа қалдырып кеттің. Өзің кеттің, артыңда Мұхтар деген атың, шығармаларың мәңгілік қалды, - деді Дулат Исабеков.

Айта кетейік, жазушы, драматург Дулат Исабеков пен марқұм Мұхтар Мағауин тірі кезінде бірнеше жыл бір-бірімен баспасөз арқылы айтысқан болатын. Исабеков Мұхтар Мағауиннің алыста жатып елдегі қаламгерлер бәйгесіне араласқаны үлкен қателік болғанын айтқан еді.

Еске салсақ, әдебиет тарихын зерттеуші ғалым, тарихи романдардың авторы Мұхтар Мағауин 10 қаңтарда (АҚШ уақытымен 9 қаңтарда) 85-ке қараған шағында қайтыс болған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының отбасына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мұхтар Шахановтың кәсіби фотолары желі оқырмандарын сүйсінтті
07.02.2025ж. 17:16

Мұхтар Шахановтың кәсіби фотолары желі оқырмандарын сүйсінтті

Желі қолданушылары фотосессияның концепциясы өте мықты шыққанын айтып жатыр.
Музыка әлеміндегі ең беделді марапат – Grammy марапаты  67-ші рет өткізіліп отыр
12-13 ғасырларда тұрғызылған мұнара Түркістан облысы, Созақ ауданы, Ақсүмбе ауылында орналасқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →