×

Мұхтар Шахановтың кәсіби фотолары желі оқырмандарын сүйсінтті

Желі қолданушылары фотосессияның концепциясы өте мықты шыққанын айтып жатыр.

Мұхтар Шахановтың кәсіби фотолары желі оқырмандарын сүйсінтті
Фото: instagram.com/aigerim.abzhan

Ақын Мұхтар Шахановтың жаңа фотосессиясы желіде кеңінен таралып, көпшіліктің ықыласына ие болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кәсіби фотограф Әйгерім Абжан Мұхтар Шахановты мүлдем жаңа образдарда түсіріп, «1986-Ақиқат/Бейбітшілік» суреттер топтамасын дүйім жұртқа ұсынды.

Ол ақынның шығармашылығына өзіндік көзқарасымен қарап, оның бейнесін жаңаша қырынан көрсетті. 

Мен 10 жылдан астам уақыт бойы фото-суретші болып жұмыс істеймін. Бала күнімнен бастап қолымнан камера түскен жоқ. Мені тек сүйікті жұмысым ғана шабыттандырады. Жаңа идеялармен қатар тың образдарды жаным сүйеді. Маған келген адамның бейнесін әдемі әрі шынайы қылып шығаруға тырысамын, - дейді фотограф.

Желі қолданушылары фотосессияның концепциясы өте мықты шыққанын айтып жатыр.

 Қызыл түстен бастап, гүлдерге дейін әрбір деталь терең мағына береді. Ағаш трибуна – Желтоқсан рухының беріктігі мен шындықтың символы секілді. Бұл тек визуалды образ емес, шынайы тарихи және рухани мәні бар жұмыс. Жоғары деңгейде ойластырылған, - деп жазылған пікірлер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →