×

«Құтқар біздің анимацияны мына сұмдықтан». «Қазақфильм» Ерлан Төлеутайдың сөзіне жауап берді

«Құтқар біздің анимацияны мына сұмдықтан». «Қазақфильм» Ерлан Төлеутайдың сөзіне жауап берді
Фото: kazakhfilmstudios.kz, t.me/Madeniet_zhane_sport_ministrligi

Ерлан Төлеутай бастаған киногерлер «Қазақфильм» басшысы Айдар Омаровтың соңғы шешімдеріне қайта-қайта наразылық білдіріп жатыр. Тіпті, анимациялық бөлімді Астанаға көшіру туралы шешімге қарсы шыққан болатын. Осыған қатысты

«Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудия» жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2025 жылдың 25 ақпанында «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы» АҚ ғимаратының алдында (Алматы, Әл-Фараби даңғылы, 176) өткен рұқсат етілмеген митингіге қатысты айтатынымыз: митингке жиналғандар Қазақстандағы анимация саласын одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстарға наразылықтарын білдірді. Анимация саласының даму болашағын түсіндіру мақсатында жиынға жиналғандарға Киностудия басшылығы түсініктемелер беріп, келіссөздер қорытындысы бойынша анимация саласының өкілдерімен кеңейтілген жиын өткізу туралы шешім қабылданды. Жалпы, «Қазақанимация» ШБ-нің Астана қаласына көшіру мәселесі қаралуда және кәсіби қоғамдастықпен міндетті түрде талқыланады.Бұл негізінен қазір қарастырылып жатқан мәселелер. Киностудия бұған дейін анимация саласының өкілдері үшін алғашқы алдын ала тыңдауларды өткізген болатын, келесі тыңдау таяу уақытта өтеді деп күтілуде, -делінген хабарламада.

Ұлттық киностудия жоспарланған көшіру сұрағы туралы анимациялық қоғамдастықта ақпараттың жоқтығына қатысты да пікір білдірді.

Биылғы жылдың қаңтар айының басында «Қазақанимация»ШБ-нің бұрынғы басшысы Айбике Рахымжановамен кездесу өткізілгеніне, онда анимацияны одан әрі дербес өнеркәсіп ретінде дамыту үшін «Қазақанимация»ШБ-ін Астана қаласына көшірумәселесі талқыланғанына назар аударғымыз келеді.Біз баршаны қазақ киносы тарихындағы жаңа бетті бастайтын сындарлы диалогқа шақырамыз,- делінген хабарламада.

Бұған дейін Ерлан Төлеутай бастаған киногерлер наразылық білдірді.

Мінекей, «Қазақфильмнің» уақытша басшысы Айдар Омаров бастаған «саботаж» міне бір жыл боп қалды. Әлі жалғасуда. Бұл Айдар Омаров деген уақытша басшы киногерлердің қанын ішуде. Біздің еңбек құқығымызды таптауда. «Самовольно» іс қылуда. Ойына келгенін істеуде. Осындай «беспредел», былайша айтқанда «Қазақфильм» қазір «бандитизмнің ошағына айналып отыр. Өйткені олар ойына не келсе соны істейді. Айырам десе, жұмыстан айыра салады. Мынау тұрған еліміздің жас буын суреткерлері. Аниматорлары, режиссерлері, мына арбаға таңылып отырған режиссер апамыз біздің. Әмен Қайдаровтың замандастары. Олар бүгін Әмен Қайдаровтың қара шаңырағын Астанаға мұндай бандиттің жолмен көшіріп әкетуіне қарсы. Біз бәріміз қарсымыз! Аида Балаева, мына Айдар Омаров атты орынбасарыңды алып кет бізден! Құтқар біздің «Қазақ фильмді»! Құтқар біздің анимацияны мына сұмдықтан!, — деген еді Ерлан Төлеутай.  

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →