×

«Ұмытпа, қазақ!» әні жарыққа шықты

Аспанбек Шұғатайдың «Ұмытпа, қазақ!» әні

«Ұмытпа, қазақ!» әні жарыққа шықты

Айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері, Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Аспанбек Шұғатайдың «Ұмытпа, қазақ!» әні жарыққа шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ұмытпа, қазақ!

Өткіздік талай сәби таңдарды,
Қари тауларды, Тарих аударды.
Атамекен деп атылып кеткен
Ұмытпа, қазақ, Әлихандарды!

Мәңгілік дейсің қай тіршілікті,
Күн күңіренсе, ай күрсүніпті.
«Қазақ» газетін қанымен жазған,
Ұмытпа, қазақ, Байтұрсыновты!

Қайырмасы:
Жұртыма жетпей бір бақыт қалды,
Кім ұстап тұрар бұл уақыттарды?!
«Оян, қазақ!» деп ұйқыға кеткен,
Ұмытпа, қазақ, Міржақыптарды!

Шаңырағыңды уыққа қажап,
Тәуелсіз болдың, құрықтан азат,
Арыстарыңды, Арыстаныңды,
Ұмытпа, қазақ! Ұлықта, қазақ!

2.
Сақтардан қалған сақтайық қанды,
Кетпесін бастан бақ тайып мәңгі.
Ғылымның алғаш ғаламын ашқан,
Ұмытпа, қазақ, Сәтбаевтарды!

Жасадық талай қателіктерді,
Азаттықты кім әкеліп берді?
Бес обылысты жатқа бермеген
Ұмытпа, қазақ, Тәшеновтерді!

Қайырмасы:
Аспанды да анау құс кірлетіпті,
Қара жердің кім үстінде мықты?!
Азаттығымның өшпес алауы,
Ұмытпа, қазақ, Рысқұлбековты!

Шаңырағыңды уыққа қажап,
Тәуелсіз болдың, құрықтан азат.
Арыстарыңды, Арыстаныңды,
Ұмытпа, қазақ! Ұлықта, қазақ!

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері Нью-Йорк әуежайынан ерекше күтіп алды
Бүгін, 10:31

Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері Нью-Йорк әуежайынан ерекше күтіп алды

Ол 5 қазанда әйгілі Madison Square Garden сахнасында концертін өткізеді. 
Қазақ руханиятының мерекесі: «Әдебиет.Рух.Қоғам – 2025» байқауы қорытындыланды
Туристік және мәдени бағыттағы бұл кешен 8 негізгі функционалды бөліктен тұрады
Алматыда Бибігүл Төлегенованың XIII Халықаралық вокалистер байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →