×

«EL ARNA» телеарнасы жабылады - Балаева

Екі телеарнаны біріктіру 1 мамырға дейін аяқталады.

«EL ARNA» телеарнасы жабылады - Балаева
elarna.kz

«EL ARNA» және «Хабар» телеарналарын біріктіру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

 Бұл қадам, ең алдымен, отандық телекомпаниялардың жұмыс тиімділігін арттыруға және қазақстандық контент аудиториясын кеңейтуге бағытталған, -дейді Аида Балаева.

«EL ARNA» және «Хабар» телеарналарын біріктіру 2025 жылдың 1 мамырына дейін аяқталады. «EL ARNA»-ның барлық құнды контенті «Хабар» арнасының эфиріне өтеді. Балаева бұл үздік жобалардың сақталуына, оларды кең аудиторияға қолжетімді етуге және одан әрі дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

«EL ARNA» телеарнасы отандық көркем және деректі фильмдер, сериалдар, сондай-ақ мәдени-ағартушылық бағдарламалар көрсетілетін платформа ретінде маңызды миссия атқарды. Біз бұл арнаның ұлттық кинематография мен телевизияның дамуына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Мәдениет және ақпарат министрлігі «EL ARNA» телеарнасының ұжымына көпжылдық еңбектері, кәсібилік пен отандық медиа кеңістікті дамытуға қосқан үлестері үшін шынайы алғыс білдіреді. Қайта ұйымдастыру процесі барысында барлық қызметкерлер «Хабар» агенттігіне жұмысқа орналастырылады. Жалақы деңгейі сақталып, олардың тәжірибесі мен білімі жаңа жобаларда сұранысқа ие болады, – дейді министр. 

«EL ARNA» телеарнасының бағдарламаларын өндіру және таратуға бөлінген қаржы «24KZ» және «Хабар» сияқты стратегиялық маңызды телеарналардың контентін күшейтуге және техникалық базасын уақтылы жаңартуға қайта бөлінеді.

«EL ARNA» телеарнасы 2000 жылы «Хабар-2» атауымен құрылды. 2002 жылы атауы «EL ARNA» болып өзгертілді. 2014 жылдың наурызында арна жиілігінде «24KZ» жаңалықтар телеарнасы іске қосылды. Теларна 2017 жылы отандық киноарна, 2024 жылдан бастап жастарға арналған ойын-сауық арнасы ретінде қайта құрылымдалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →