Енді фильм авторлары бұл қаржыға аннимациялық мультфильм түсіріп жатыр екен.
«Өнер қырандары» театры түсірген «Молда» фильміне көрермендер тарапынан қызығушылық жоғары. Соның арқасында фильм 1,1 миллиард кассалық түсім жинады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Молда» фильмі рекорд жаңартуды жалғастырып жатыр. Қазіргі кезде кассалық түсім 1,1 млрд теңгеге жетті, ал прокат әлі де аяқталған жоқ, - делінген kinopark.kz парақшасында.
«Өнер қырандары» театрының актері Жанболат Найзабектің айтуынша, туындыны түсіруге 100 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған.
Енді фильм авторлары бұл қаржыға аннимациялық мультфильм түсіріп жатыр екен.
Айта кетейік, «Өнер қырандары» театры түсірген «Молда» фильмі – қоғамдағы діни құндылықтар, имандылық, адамның ішкі жан дүниесі мен өмірлік таңдаулары туралы ой қозғайтын фильм. Бұл кино тек діни жамағатқа ғана емес, жалпы кез келген көрерменге өзекті мәселелерді көтереді.