×

Әлемдік кино жұлдызы қазақ тілінде сөйлеп, Алматыға келетінін мәлімдеді

Әртіс бұл жайында әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады

Әлемдік кино жұлдызы қазақ тілінде сөйлеп, Алматыға келетінін мәлімдеді

Танымал кино актері, бүкіл әлем бойынша көрерменнің ықыласына бөленген «Сүлеймен Сұлтан», «Королек – птичка певчая», «Основание: Османы» сияқты әйгілі телесериалдарда басты рөлдерді сомадаған Бурак Өзчивит RAMS GLOBAL компаниясының ресми түрде бренд-амбассадоры болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әртіс бұл жайында әлеуметтік Инстаграм желісіндегі парақшасында жариялап, бейнеүндеуінде Алматыға келетінін: 

«Біз жақында RAMS-пен Алматыдамыз», - деп қазақша айтқан болатын.

RAMS QAZAQSTAN құрылыс компаниясы бұл ақпаратты растап, Бурак Өзчивиттің расымен екі алдыңғы әлемдік жобасы бар RAMS GLOBAL компаниясының ресми түрде бренд-амбассадоры болғанын хабарлады: RAMS Beyond Almaty - жаңа буын жобасы, молшылық пен заманауи өмірдің тамаша үйлесімі, болашақ Алматыны қалыптастырады, Pavilion by RAMS - Солтүстік Ирактың Эрбиль қаласындағы бірегей тұрғын үй кешені - бұрын-соңды су болмаған ауданда ауқымды су аймағы бар жазира.

Сонымен бірге, RAMS Global компаниясының бас директоры Фарук Бюльбюль серіктестік туралы келісімге былай деп түсініктеме берді:

«RAMS Global бұл жай ғана ғимараттар мен құрылыстардың құрылысы туралы емес. Біз армандар, құндылықтар мен ұмытылмас тәжірибелер сыйлаймыз. Бурак Өзчивитпен күш-жігерімізді біріктіре отырып, мақсатымызды және компанияның жаһандық көзқарасын ауқымды әлемдік аудиторияға ұсынамыз.

Себебі RAMS Global бұл ESG стандарттарын сақтауға тәртіпті түрде қарайтын компания: бұл қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, жоғары әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқарудың жоғары сапасы. Дәл осы аптада Өзчивит мырза Алматыға келеді. Ол Қазақстанның алып шаһарындағы жобаларымызды өз көзімен тамашалап, таяуда іске асырғалы отырған жоспарларымызбен таныса алады. Жаңалықтарды жіберіп алмаңыздар!

Бурак Өзчивиттің өзі беделі мінсіз әрі бизнес процестерінің стандарттары жоғары ірі халықаралық брендпен ынтымақтастық қатынасын мақтан тұтатынын атап өтті.

Өзчивит өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ынтымақтастық жайында былай деді:

«Біз RAMS Global компаниясымен бірге жаңа саяхатқа аттанбақшымыз. RAMS Beyond Almaty және Pavilion by RAMS жобаларымен танысып, олардан ерекше әсер алуға шақырамын. Мықты идеядан мықты жобалар туады», - деді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Амал келгенде амандық білісу – айрықша дәстүріміз – Қасым-Жомарт Тоқаев
14.03.2025ж. 09:16

Амал келгенде амандық білісу – айрықша дәстүріміз – Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұл мереке қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндескен
Енді фильм авторлары бұл қаржыға аннимациялық мультфильм түсіріп жатыр екен.
Мәдениет және өнер қайраткері 79 жасқа қараған шағында бақилық болды
Екі телеарнаны біріктіру 1 мамырға дейін аяқталады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →