×

Билет алдым, Дженнифер Лопестің концертіне барамын – Аида Балаева

Министр журналистердің сұрақтарына жауап берді

Билет алдым, Дженнифер Лопестің концертіне барамын – Аида Балаева
Фото: primeminister.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 1 тамызда өтетін әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопестің концертіне билет алғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрдің айтуынша, Дженнифер Лопес әлемдік мойындатқан әнші, сондықтан, оның аудиториясы да көп.

«Мен Дженнифер Лопестің концертіне қуана—қуана барамын. Өйткені, оның аудиториясы кең, әлемдік мойындатқан таланты бар. Оны өз көзімізбен көргіміз келеді. Мен билет алдым, балаларыммен бірге осы концертке барамын», - деді мәдениет министрі үкіметте өткен брифингте.

Мәдениет министрі әлемдік деңгейдегі бұндай жобалар Қазақстанды сырт елдерге таныта түсетінін, Димаш Құдайбергеннің концерті кезіндегідей шетелден көп адам келетінін айта отырып, болашақта Шакира, Лара Фабианды да өз елімізде көрсек қуанар едім деген пікірін білдірді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекеттік кеңесші Түркістанда өтіп жатқан халықаралық симпозиумның ашылуына қатысты
15.05.2025ж. 16:22

Мемлекеттік кеңесші Түркістанда өтіп жатқан халықаралық симпозиумның ашылуына қатысты

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи мұрасына арналған халықаралық симпозиум өтуде
Депутат Әшімжанов жасанды интеллект туралы заң жобасын қорғаған депутат Екатерина Смышляевадан осы бағытты жан-жақты саралаған-сараламағанын сұрады.
Ершов елді мекенінде бұрын-соңды мәдениет ошағы болмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →